Жанаев Кабдырахмет, паспорт бойынша Рахмет, 1900 жылы қазіргі М.Омаров ауылында дүниеге келген.
Өткен ғасырдың 30-жылдары аштық кезінде Новосибирск облысы Венгеровский ауданына көшкен.
1942 жылы 7 қаңтарда Новосибирск облысы Венгеровский РАК-тан Қызыл Әскер қатарына шақырылған. Марапаттау хатынан үзінді: «Неміс-фашистік басқыншылармен шайқастарға қатысу барысында Жанаев 2 рет жараланған. Бреслау қаласы үшін шайқаста Жанаев батылдық, ерлік, табандылық танытқан. Бір үлкен үйді алу кезінде Жанаев алғашқылардың бірі болып үйге еніп, бір бөлмеден екінші бөлмеге өтіп қарумен немістердің көзін жойған. «3 дәрежелі Даңқ» ордені-үкіметтік наградаға лайықты».
Демобилизациядан кейін Новосибирск облысы Венгеровский ауданы №161 совхозында тұрып, жұмыс істеген, онда төрт ұлы дүниеге келген. Самиголла, Гумар, Зияда, Ногмат және қызы Русхима. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін 1961 жылы Павлодар облысы Ерман қаласына көшкен. 1982 жылы 82 жасында қайтыс болған.