Search
Close this search box.

Төлендінов Мансұр Әбдіғалымұлы (1926-1994)

Ұлы Еламанның естелігінен:
Төлендінов Мансұр Әбдіғалымұлы 1926 жылы қараша айында Новосібір облысының Қарасуық ауылында дүниеге келген.

Ұлы Еламанның естелігінен:
Төлендінов Мансұр Әбдіғалымұлы 1926 жылы қараша айында Новосібір облысының Қарасуық ауылында дүниеге келген.
Әкемнің Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы әңгімелер негізінен біздің мектеп жылдарымызда болды. Осы әңгімелерден біз оның майданға 1943 жылдың көктемінде аттанғанын білеміз. Соғыста ол бірнеше рет жараланған. Аяғын- да мыжылған жаралар және денесінде де жараның орындары болатын. Біз осы жаралардың тыртықтарын көріп өстік. Майданда ол 122 мм қаруының (гаубица) басында дәлдеушісі, содан кейін командирі болды.

Ржев қаласынан Берлинге дейінгі соғыс жолында талай қырғын шайқастарға қатысты. Берлин қаласын шабуылдап, Рейхстагты құлату үшін ерлікпен соғысты.

Әкемнің жауынгерлік жолын медальдары мен олардың куәліктері арқылы көруге болады. Оның «Ерлігі үшін», «Харьковты босатудағы ерлігі үшін», сондай-ақ «Варшаваны алғаны үшін», «Будапешті алғаны үшін» және «Берлинді алғаны үшін» медальдары бар. Бірнеше мерекелік медальдары болды. Әкем оларды «менің ойымша, қарапайымдылықтан» ешқашан тақпайтын.

Соғыс аяқталғаннан кейін әкем Кеңес әскерлерінің құрамында Австрияда тағы төрт жыл әскери қызмет атқарды. Әскерден келген әкем ішкі істер органына, милиция қызметіне шақырылады. Бұл жұмыста ол Павлодар облысы Май аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына дейін көтеріліп, көп жыл адал қызмет етті. Ішкі істер генералы Дүйсенов естелік кітабында әкем туралы: «Бірбеткей, адал, жедел қызметкер М. Төлендінов қызметінде өте беделді, құрметті болды», – деп жазды.

Елуінші жылдары «Қара мысық» бандасымен күресу үшін бүкіл елден жиналған тәжірибелі жедел қызметкерлер құрамында Краснодар өлкесіне шақырылды. Үйге банданы бейтараптандырғаннан кейін ғана оралды. Өмірінің соңына дейін адал және бірбеткей коммунист болып қалды.

Қамқор ұл, адал жар, сүйікті әке болған Мансұр Әбдіғалымұлы Төлендінов анамыз Қорлан екеуі төрт ұл мен бір қыз өсіріп, тәрбиеледі. Олардың бәрін оқытып, жоғары білім алғызды. Қазір балалары — өмірден өз орындарын тапқан абыройлы азаматтар.

Ол 1994 жылы 18 наурызда Павлодар қаласында қайтыс болды.

Мансұр Төлендіновтың отбасы. 1968 жыл
Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!