ЖАРИЯ ОФЕРТА
Осы Жария шарты АЯШИНОВА АЙНУР ДАУРЕНОВНА ЖК, ЖСН 001130650243, ИИК: KZ63551Z229146787KZT, БИК KSNVKZKA, веб-сайт: jad.kz (бұдан әрі мәтін бойынша – Орындаушы) ресми ұсыныс (жария оферта) болып табылады.
АЯШИНОВА АЙНУР ДАУРЕНОВНА ЖК Шартта көрсетілген жағдайларда кез келген әрекеттесетін тұлғамен ақылы электрондық қызметтер көрсетуге байланысты осы Жария шарт (бұдан әрі мәтін бойынша — Шарт) жасасуды ұсынады.
Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне (бұдан әрі мәтін бойынша ҚР АК) сәйкес оферта шарты болып табылады, тіркелген пайдаланушының жоғарыда аталған веб-сайтта орналасқан «Мен Жария шарттың талаптарымен келісемін» батырмасын басуы — конклюденттік әрекеттерді жүзеге асыруы Шарт талаптарын толық және сөзсіз қабылдауы (акцепт) болып саналады. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, осы Шарттың мәтінін мұқият оқып шығыңыз. Егер сіз Шарттың қандай да бір тармағымен келіспейтін болсаңыз, Орындаушы Сізге осы Шарт жасасудан бас тартуды ұсынады.
ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР
Орындаушы – АЯШИНОВА АЙНУР ДАУРЕНОВНА ЖК
Пайдаланушы – сайтта орналасқан ақпаратты қолданатын, алайда оған тіркелмеген тұлға.
Тіркелген пайдаланушы – сайтта орналасқан ақпаратты қолданатын және оған тіркелген тұлға.
Тапсырыс беруші – осы Шарттың акцептін жүзеге асырған, тіркелген пайдаланушы.
Сайт – Орындаушының веб-сайты, интернет-ресурста орналасқан jad.kz веб-сайты, демек, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрде көрсетілетін, аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернет желісінде жұмыс істейтін Орындаушының электрондық ақпараттық ресурсы.
Оферта – Орындайшы сайтында жарияланған заңды қызмет көрсетулер туралы осы «Жария шарты».
Қызмет көрсетулер – заңды сипаттағы электрондық ақылы қызмет көрсетулер: тапсырыс берушінің осы Шарттың талаптарына сәйкес қызметтерді сатып алуына байланысты ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кез келген өтініш білдірген кәмелетке толған әрекетке қабілетті жеке тұлғаға не заңды тұлғаның өкіліне Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін ақпараттық, интерактивті қызметтер. Осы Шарт бойынша қызмет көрсету Тапсырыс берушіге және Объектіге де берілуі мүмкін.
Объект – Орындаушы сайтында орналастырылған заңды және (немесе) бухгалтерлік сипаттағы құжаттардың абонементі(тері) және (немесе) үлгісі(лері)/шаблоны(дары).
Тапсырыс – осы Шарттың талаптарына сәйкес ресімделетін Объекті немесе Қызмет көрсетулерді сатып алуға және қолдануға өтінім.
Акцепт – тіркелген пайдаланушының осы Шартта айқындалған, оның барлық талаптарының толық және сөзсіз қабылданғанын көрсететін жауабы немесе тіркелген пайдаланушының Орындаушы сайтында «Мен Жария шарттың талаптарын қабылдаймын» деген бағанға белгі қою және осы Шарт бойынша қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау арқылы куәландыратын әрекеттерді жасауы, осылайша осы Шарт бойынша қызметтерге Тапсырыс беруші болып табылады.
Прейскурант – Орындаушы сайтында жарияланатын бағаларымен Орындаушының заңды қызмет көрсетулерінің қолданыстағы жүйеленген тізбесі.
Интерактивті қызметтер – Тапсырыс берушіге оның сұрауы бойынша ақпараттар ұсыну. Телефон байланысы қызметі, хабарлама жіберу қызметі және іздеу қызметі арқылы.
Ақпараттық технология – ақпаратты жинау, жасау, сақтау, жинақтау, өңдеу, іздеу, шығару, көшіру, беруді және таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістер, өндірістік процестердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы.)
Айрықша құқық – зияткерлік қызмет нәтижесінің немесе дараландыру құралының кез келген заңға қайшы келмейтін тәсілімен өз қалауы бойынша пайдалануға құқық иеленушіге (азаматқа немесе заңды тұлғаға) тиесілі құқықтардың жиынтығы және басқа тұлғалардың мұндай пайдалануға тыйым салуы немесе рұқсат беруі. Шарт бойынша берілетін айрықша құқықтың күші әлемнің барлық елдерінің аумағында қолданылады.
Тараптар – Шарттың тараптары бірлесіп Орындаушы және Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші болып табылады.
Дербес деректер – Шартта регламенттелген, белгілі бір жеке не заңды тұлғаға қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасығыштарда тіркелген мәліметтер.
Дербес деректерді жинау – Дербес деректерді алуға бағытталған әрекеттер;
Дербес деректерді өңдеу – Дербес деректерді жинау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жоюға бағытталған әрекеттер.
Үшінші тұлғалар – қазіргі уақытта да, болашақта да Орындаушымен Тапсырыс берушінің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі мән-жайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты тұлғалар.
Компьютерлік инцидент – ақпараттың құпиялылығына, тұтастығына және қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін жалпы нормадан ауытқыған құбылыс. Компьютерлік инциденттің жағдайы мыналарды көрсетуі мүмкін: компьютерлік жүйеге басып кіру, жүйенің істен шығуы, қызмет көрсетуден бас тарту, ақпаратты ұрлау, зиянды әрекеттер және басқа да рұқсат етілмеген немесе заңсыз әрекеттер.
1.ШАРТ МӘНІ
1.1. Орындаушы тапсырысқа сәйкес қызметтер көрсетуге, ал Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші тапсырысты ресімдеуге, сонымен қатар қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді. Осы Шарт бойынша қызметтерге ақы төлеу фактісі тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарын қабылдау фактісін растайды.
1.2. Қызмет көрсетулер тізбесі (Прейскурант) осы шарттың №1 қосымшасында.
1.3. Шарт бойынша қызмет көрсетуге құқықтар Орындаушының бағдарламалық-техникалық құралдарының деректері бойынша айқындалатын Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші Шарт бойынша тиісті тапсырысты орындаған және қызметтерге ақы төлеген сәттен бастап беріледі.
1.4. Акцепті жасау тәртібі
Орындаушының ұсынысы төменде көрсетілген тапсырысты ресімдеу бойынша барлық әрекеттерді жасаған сәттен бастап Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші қабылдаған және мақұлдаған болып саналады:
1.4.1. осы Шартта көрсетілген Орындаушы сайтына Пайдаланушының тіркелуі;
1.4.2. Тіркелген пайдаланушының осы Шартты қабылдағанын (акцепт) көрсететін конклюденттік іс-әрекеттер жасауы, атап айтқанда, Шарттың қабылданғанын куәландыратын сайт бетінің тиісті өрісінде «Мен Жария шарттың талаптарын қабылдаймын» деген бағанға белгі қоюы;
1.4.3. Тіркелген пайдаланушының ресімделген тапсырысы бойынша Шартта көрсетілген тәртіппен және шарттарда қызмет көрсетулерге ақы төлеуі;
1.4. Тіркелген пайдаланушы жоғарыда сипатталған тармақтарда акцепті жасаған кезде мыналар қарастырылады:
– Тіркелген пайдаланушының мәртебесі осы Шарт бойынша Тапсырыс берушінің мәртебесіне өзгерді.
– Тапсырыс беруші осы Шарттың барлық талаптарымен танысты, келісті және қабылдады;
– Орындаушы акцепт алды;
– Шарт жасалды, екіжақты қол қоюды талап етпейді, электронды түрде жарамды;
– осы Шартты жасасу жазбаша түрде шарт жасасуға жасасқан шартқа теңестіріледі.
1.5. Орындаушы осы Шартты жасасу туралы өзінің ұсынысын кез келген уақытта кері қайтарып алуға құқылы, алайда бұл Тараптың міндеттемелерден бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
1.5.1. Орындаушы осы Шарттың 2.3.3-тармағының орындалмауы себебінен кез келген уақытта Шарт жасасу туралы өз ұсынысын кері қайтарып алуға құқылы.
1.6. Орындаушы қызметтің үздіксіз көрсетілуі және дәлсіздіктер, қателер немесе ақаулар болмауы үшін барлық ақылға қонымды шараларды қолданады, алайда Орындаушы техникалық шығындарға немесе компьютерлік инцидентке байланысты бұған кепілдік бере алмайды.
1.6.1. Орындаушының Интернет желісіндегі бағдарламалық қамтамасыз ету мен деректер базасын қолдау жөніндегі міндеттеріне Орындаушының Интернет желісіне қол жеткізуі кірмейді. Пайдаланушы Интернет желісіне қол жеткізуді өз бетінше қамтамасыз етеді.
1.6.2. Сайт уақытша, ішінара немесе толығымен қолжетімсіз болуы мүмкін, тиісінше, қызмет көрсетулер профилактикалық немесе өзге де жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ кез келген басқа техникалық сипаттағы себептерге байланысты уақытша, ішінара немесе толығымен тоқтатылуы мүмкін. Орындаушы Пайдаланушыларды алдын ала ескертумен немесе ескертусіз қажетті профилактикалық немесе өзге де жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізуге құқылы.
1.6.3. Орындаушының сайтын пайдаланған кезде Тапсырыс берушіге сервер ресурстарына және Орындаушының ақпаратына, басқа тапсырыс берушілердің дербес есептік және өзге де деректеріне, сондай-ақ Интернет желісі және Орындаушының сервері арқылы қолжетімді кез келген басқа деректерге рұқсатсыз қол жеткізуге бағытталған кез келген әрекеттерге тыйым салынады.
2.ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
2.1. Қызмет көрсеу шарттары мен Тапсырыс беруші Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелер, оның ішінде сайтты пайдалану ережелерін Тапсырыс беруші орындауы тиіс.
Сайтты пайдалану ережесі:
– Орындаушы сайтында тіркелген кезде Пайдаланушының енгізген деректері дұрыс болуы тиіс, сонымен қатар Пайдаланушы олардың дұрыстығы үшін дербес жауапты болады;
– тіркелу және құпиясөзді енгізу кезінде құпиясөздің сақталуы мен құпиялылығына Пайдаланушының өзі жауапты болады;
– сайтты пайдалануды және (немесе) Орындаушының қызмет көрсетулерін қолдануды Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды мақсаттар үшін және заңды тәсілдермен ғана жүзеге асыруы тиіс.
– Тапсырыс беруші Орындаушы енгізетін Шарт талаптарындағы өзгерістерді дербес бақылайды.
2.2. Тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша Орындаушы тікелей немесе жанама кепілдіктерсіз көрсету кезінде қолжетімді түрінде қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетудің түрлерін, ерекшеліктерін, негізгі қасиеттерін, көлемін, санын және (немесе) жиынтығын, мерзімін және өзге де шарттарын, сондай-ақ оларды ұсыну форматын Орындаушы айқындайды. Тапсырыс беруші барлық тәуекелдер мен салдарларды өзіне толық қабылдау шартымен өз еркімен (өз таңдауы бойынша) қызмет көрсетулерді алады. Орындаушы сайтын пайдаланған кезде Орындаушы көрсетілетін қызметтің Тапсырыс берушінің болжалына сәйкес келмегені үшін жауапты болмайды.
2.3. Қызмет көрсету (сатып алу) шарттары.
Тіркелген пайдаланушы төменде көрсетілген нұсқалар бойынша тапсырыс ресімдейді:
2.3.1. біржолғы қызмет көрсету, бір қызметті немесе Тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша бір рет көрсетілетін қызметтерді білдіреді;
2.3.2. тұрақты қызмет көрсетулер, демек тұрақты (үздіксіз) негізде және (немесе) ұзақ уақыт бойы көрсетілетін қызмет және (немесе) белгілі бір белгімен біріктірілген қызметтер жиынтығы;
2.3.3. бірнеше реттік қызмет көрсетулер, демек тұрақты емес, тек Тіркелген пайдаланушыда/Тапсырыс берушіде оның тапсырысы бойынша қажеттілік туындаған кезде ғана көрсетілетін қызмет.
2.4. Жария шартты орындау шеңберінде Тіркелген пайдаланушы / Тапсырыс беруші шексіз тапсырыстарды ресімдей алады. Осы ретте белгілі бір тапсырысты ішінара орындау (қызмет көрсету) тапсырыстың қалған талаптары бойынша Шарттың қолданылуын тоқтатпайды.
3.ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР ҚҰНЫ, МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ
3.1. Осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді Тіркелген пайдаланушы тапсырыс ресімделген күннен бастап 1 (бір) жұмыс сағаты ішінде 100% (жүз пайыз) алдын ала төлем шарттарында немесе төлем шотын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Қызмет көрсетулер құны қосылған құн салығын қамтиды.
3.2. Осы Шартпен Тараптар Тіркелген пайдаланушының тиісті тапсырысты төлеу жөніндегі міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы Орындаушыны осындай тапсырысты орындаудан босататынын, демек тапсырысты Тіркелген пайдаланушы ресімдемеген және Орындаушы алмаған және тиісінше орындауға қабылданбаған болып есептелетінін келісті.
3.3. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша қызметтер үшін ақы төлеуді Орындаушының сайтта «Тапсырысты ресімдеу» бөлімінде ұсынған төменде таңдалған тәсілдердің кез келгені қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырады:
– қолма-қол ақшасыз төлем тапсырмасы (заңды тұлғаларға);
– банк арқылы түбіртек бойынша (жеке тұлғаларға);
– карточка бойынша (жеке тұлғаларға).
3.3.1. Осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің прейскурантын Орындаушы дербес айқындайды және Орындаушының сайтында және/немесе Орындаушының және/немесе үшінші тұлғалардың кеңселерінде орналастыру арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілмен Пайдаланушыға/Тіркелген пайдаланушыға жеткізеді.
3.4. Қызмет көрсетулер құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен белгіленеді. Осы Шарт бойынша қызмет көрсетулерге төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен жүзеге асырылады.
3.5. Қызметтерге ақы төлеу абонент таңдаған есеп айырысу тәртібіне байланысты мынадай есеп айырысу жүйелері арқылы жүзеге асырылады: есеп айырысудың кредиттік тәртібі, есеп айырысудың аванстық тәртібі.
3.6. Қызметтерге ақы төлеу күні (Тапсырыс берушінің ақшалай қаражатты аударуы) Орындаушының шотына ақшалай қаражаттың түскен күні болып есептеледі.
4. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ
4.1. Осы Шарт бойынша Объектіні не көрсетілетін қызметтерді қабылдау-тапсыру тиісті тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтер аяқталған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады. Орындаушы өз күшімен және қаражатымен Тапсырыс берушіге ұсынуға міндеттенеді.
4.2. Осы Шарт бойынша Объектіні не көрсетілетін қызметтерді қабылдау-тапсыру http://jad.kz сайтында тіркелген кезде көрсетілген Тіркелген пайдаланушының электронды мекенжайына электрондық пошта арқылы жіберілетін хабарламалармен алмасу жолымен жасалады. Қажет болған жағдайда жасалған актіні және шот-фактураны Орындаушы қағаз тасығышта тапсырады, ал Пайдаланушы өзінің күшімен және құралдарымен Орындаушының нақты орналасқан жері бойынша алады. Пайдаланушы қызмет көрсетулер Шарт талаптарына сәйкес келген жағдайда актіге алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қоюға және қол қойылған бір дананы Орындаушыға қайтаруға не актіге қол қоюдан жазбаша түрде негізделген бас тартуды ұсынуға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде Орындаушы актіге қол қоюдан негізделген бас тартуды алмаса, тиісті тапсырыс бойынша қызметтер Шарттың талаптарына сәйкес қызмет көрсетуді нашарлататын Шарттан ауытқусыз немесе өзге де кемшіліктерсіз, оның ішінде сапасы, көлемі мен мерзімі бойынша көрсетілген және Пайдаланушы қандай да бір шағымдарсыз қабылдаған болып есептеледі.
4.3. Тиісті тапсырыс бойынша қызмет көрсетулер күні Орындаушының бағдарламалық-техникалық құралдарының деректері бойынша айқындалатын тиісті тапсырыстың орындалған күні болып табылады. Ерекше жағдайларда Тапсырысты орындау мерзімі тапсырыстың сипаттамалары мен санына байланысты Тапсырыс берушімен жеке келісілуі мүмкін. Орындаушының қоймасында тапсырыстың бір бөлігі болмаған жағдайда, оның ішінде соңғысына байланысты емес себептер бойынша Орындаушы көрсетілген тапсырыстың күшін жоюға құқылы. Орындаушы Тапсырыс берушіге интернет-сайтта тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға хабарлама жіберу арқылы оның тапсырысының толықтығының өзгергені туралы хабарлауға міндеттенеді.Сатып алушы тапсырысты жеткізу құны мен шарттарын Орындаушының интернет-сайтында нақтылайды.
4.6. Ақшалай қаражатты Тапсырыс берушіге қайтару тек қолма-қол ақшасыз формада жүзеге асырылады. Осы ретте Тапсырыс беруші өз талаптарында ақшалай қаражатты аударуға қажетті өзінің банк деректемелерін хабарлауға міндетті.
5.ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА, ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ БЕРУ
5.1. Тіркелген пайдаланушы Шартта айқындалған тәртіппен Акцепт жасаған кезде дербес деректерді жинауға, өңдеуге байланысты қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орындаушыға және үшінші тұлғаларға Шартта регламенттелген мақсаттарда және көздерде, оның ішінде жалпыға қолжетімді, Орындаушының қалауы бойынша, орындаушымен бұрыннан бар немесе туындайтын немесе болашақта туындайтын кез келген азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де құқықтық қатынастарға байланысты, бұдан әрі – Тапсырыс берушінің дербес деректері, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен тіркелген пайдаланушының дербес деректерін жинауға, өңдеуге, трансшекаралық беруге (қажет болған жағдайда) сөзсіз келісім береді.
5.2. Тапсырыс берушінің дербес деректері бойынша Тараптар Тапсырыс берушіге қатысты мынадай мәліметтерді, сондай-ақ оларда болашақта болып жатқан электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасығышта тіркелген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей: тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, туған күні, жұмыс орны және лауазымы, пошта мекенжайы (тұрғылықты мекенжайы, тіркелген (тіркелім) мекенжайы), үй, жұмыс, мобильді телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайын анықтады.
5.3. Тапсырыс берушінің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және трансшекаралық беруді (қажет болған жағдайда) Орындаушы мынадай мақсаттар үшін, қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей жүзеге асырады:
– Шартты, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орындаушыға жүктелген құқықтар мен міндеттерді тиісінше орындауға;
– Орындаушы құқықтарын сот және соттан тыс қорғауға: осы Шарт бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда; даулы жағдайлар туындаған жағдайда, үшінші тұлғалармен даулы жағдайларды қоса алғанда;
– Қызмет көрсетулердің сапасын жақсартуға бағытталған зерттеулер жүргізуге;
– маркетингтік бағдарламаларды, статистикалық зерттеулерді жүргізуге, сонымен қатар Тапсырыс берушімен түрлі байланыс құралдары арқылы тікелей байланыс жасау арқылы қызметтерді ілгерілетуге, қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей: пошта арқылы жіберу, электронды пошта, телефон және (немесе) факсимильдік байланыс, Интернет желісі және т.б.
5.4. Тапсырыс беруші Орындаушыға ашық байланыс арналары арқылы дербес деректерді бере отырып, оларды өзге тұлғалардың рұқсатсыз алу тәуекелдігін, соған байланысты салдарларды түсінеді және өзіне қабылдайды. Орындаушы дербес деректерді өзге тұлғалар рұқсатсыз алған кезде оларды ашық байланыс арналары арқылы берген кезде жауапты болмайды.
5.5. Тапсырыс берушінің осы бөлімде регламенттелген дербес деректерді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге (қажет болған жағдайда) келісімі осы Келісім кері қайтарылған күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімде Орындаушыға тапсырылатын жазбаша нысанда ресімделген тиісті өтініштің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттелген жағдайларда кері қайтарып алынуы мүмкін. Осы ретте, егер бұл кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін не Тапсырыс беруші Орындаушы алдында орындамаған міндеттемелері болған жағдайларда осы Келісімді кері қайтарып алуға болмайтыны Пайдаланушыға белгілі.
6.ТАРАПТАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
6.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
6.2. Тапсырыс берушінің Аккаунтын және (немесе) құпиясөзін рұқсатсыз пайдаланған кезде, соңғысы бұл туралы Орындаушыны дереу хабардар етуге міндеттенеді. Орындаушы оның Аккаунтын және (немесе) құпиясөзін рұқсатсыз пайдалануға байланысты Тапсырыс берушіге келтірілген кез келген залал үшін жауапты болмайды.
6.3. Орындаушы міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда, мерзімі өткен әрбір осындай жағдай үшін Тапсырыс беруші орындауды кешіктірген әрбір жұмыс күні үшін тиісті тапсырысқа сәйкес осы Шарт бойынша қызметтер құнының 00,1 % (жүзден бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
6.4. Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда Орындаушы орындауды кешіктірген әрбір жұмыс күні үшін тиісті тапсырыс бойынша қызметтер құнының 00,1 % (жүзден бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
6.5. Тараптар міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған әрбір жағдайы үшін есептелген тұрақсыздық айыбының мөлшері тиісті тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтер құнының 10 % (он пайызынан) аспауға тиіс деп келісті.
7. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ МӘН-ЖАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР)
7.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларының, атап айтқанда: табиғи және дүлей құбылыстардың, әскери іс-қимылдардың, блокадалардың, террористік іс-қимылдардың, мемлекеттік билік және басқару органдарының іс-әрекеттерінің салдары болып, осы мән-жайлар тікелей осы Шарттың орындалуына әсер ететін болса, жауаптылықтан босатылады. Осы ретте міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайларының бүкіл қолданылу кезеңіне кейінге қалдырылады.
7.2. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтындығы туындаған Тарап осы мән-жайлардың басталуы мен сипаты туралы екінші Тарапқа, бірақ олар басталған кезден бастап 1 (бір) айдан кешіктірмей жазбаша нысанда хабарлауға тиіс.
7.3. Хабарламада мән-жайлардың басталуы мен сипаты және олардың ықтимал салдарлары туралы деректер, мүмкіндігінше олардың Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына және міндеттемелерді орындау мерзіміне әсерін бағалау қамтылуы тиіс. Сонымен қатар, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау көзделетін мерзімді көрсету қажет. Хабарламаның жіберілмеуінен немесе уақтылы жіберілмеуінен туындаған келтірілген залалдарды оларды тудырған Тарап өтеуге міндетті.
7.4. Тарап 2 (екі) айдан кешіктірмей осы мән-жайлардың тоқтатылғаны туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарлауы тиіс.
7.5. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайларының әсеріне ұшыраған Тарап осы Шартта регламенттелген осы мән-жайлардың болуын куәландыратын құжаттарды жібермесе, онда мұндай Тарап оны осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіздеме ретінде осындай мән-жайларға сүйену құқығынан айырылады.
7.6. Тараптың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сонымен қатар осы мән-жайлардан туындаған олардың салдары қолданылған уақытқа сәйкес шегеріледі. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары және олардың 2 (екі) айдан астам қолданылуы жалғасатын салдарлары ұзартылған жағдайда, Тараптар осы Шартты сот төрелігі органдарына жүгінбей бұзуға құқылы, осы ретте міндеттемелер оларды орындау мүмкін еместігіне байланысты осы Шарттың талаптарына сәйкес бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып тоқтатылады (төлем жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда) не осы Шартты орындау тәсілдерін айқындау үшін қосымша келіссөздер жүргізеді.
8.ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
8.1. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы дауларды шешуді реттеу сотқа дейінгі тәртіппен келіссөздер жолымен жүзеге асырылады.
8.2. Тараптар дауды сотқа дейін реттеудің міндетті тәртібін айқындады:
8.2.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған Тарапқа шағым жазбаша түрде беріледі және осы Шарт бойынша міндеттеме орындалған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде екінші Тараптың уәкілетті тұлғасы тиісті түрде қол қояды.
8.2.2. Шағымның мазмұны: негізгі талаптар, сома және соманың негізделген есебі (егер шағым ақшалай бағалауға жататын болса); талаптар негізделетін мән-жайлар және оларды растайтын дәлелдемелер; шағымға қоса берілетін құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі; дауды реттеу үшін қажетті өзге де мәліметтер.
8.2.3. Шағымды қарастыру мерзімі алынған күннен бастап 14 (он төрт) күн ішінде жүзеге асырылады, шағымды жіберген Тарап қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарлайды. Шағымға жауап ретінде оны алған Тарап дауды реттеу туралы шешім қабылдау және ұсыныстар себептерін міндетті түрде көрсетеді.
8.2.4. Шағымды қарастыру үшін қажетті оған қоса берілген құжаттар болмаған жағдайда, құжаттарды ұсыну мерзімі кемінде 2 (екі) күн көрсетіле отырып, шағымды алған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде шағым жіберген Тараптан сұратылады. Талап етілген құжаттар көрсетілген мерзімге дейін алынбаған жағдайда, шағым қолда бар құжаттар негізінде қаралады.
8.4. Хат-хабарлар, ескертпелер, SMS- хабарламалар осы Шартта көрсетілген мекенжай және мобильді телефон нөмірі не Тараптардың немесе олардың органдарының нақты орналасқан жері бойынша жіберіледі. Мекенжайы мен мобильді телефон нөмірі өзгерген кезде Тараптар күнтізбелік үш күн ішінде бір-бірін және арбитражды алдын ала, жазбаша түрде хабардар етеді. Егер Тараптар орналасқан жерінің мекенжайы мен мобильді телефон нөмірінің өзгергені туралы хабарламаған жағдайда, хат-хабарлар, SMS-хабарламалар осы Шартта көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі және тиісті түрде тапсырылды деп есептеледі.
8.6. Шартта Тараптар реттемеген талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
9. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ, ОНЫ БҰЗУ ТӘРТІБІ
9.1. Тараптар Шарт бойынша хабарламалармен және (немесе) сұраулармен төменде көрсетілген кез келген формалардың бірінде алмасуға болатындығы туралы келісімге келді:
9.1.1. тіркелетін пошта жөнелтілімімен (тапсырыс хатпен) міндетті түрде пошта арқылы жолданатын немесе жөнелтуші хабарламасының данасында алушының қолхатымен қолма-қол жіберілетін қағаз тасығыштарда.
9.2. қағаз тасығыштарды қолданбай, электрондық пошта бойынша жіберілетін хабарламалар:
– Орындаушы атынан Тапсырыс берушімен байланысты жүзеге асыратын http://jad.kz домендік атауы бар электрондық мекенжайдан;
– Тапсырыс берушінің атынан Орындаушының сайтында тіркелген кезде көрсетілген электрондық мекенжайдан, Орындаушы оны сәйкестендіру үшін Тапсырыс берушінің электрондық пошта мекенжайын алады.
9.3. Электрондық пошта арқылы хабарлама түрінде жіберілетін хабарламалар және (немесе) сұрауларда мыналар қамтылуы қажет:
–хабарлама мәтінінде – хабарламаның және (немесе) сұраудың тақырыбы;
– хабарлама мәтінінде – сұрауды қарастыру үшін қажетті ақпарат немесе ұсынылған хабарламаны түсіну үшін жеткілікті ақпарат. Тараптар басқа электрондық мекенжайлардан, жоғарыда сипатталған формалардан өзгеше түрде жіберілген хаттар қарастырылмайды деген қорытындыға келді.
9.4. Тараптар Орындаушының өз қалауы бойынша Шартты, оның ішінде қызметтер көрсету талаптарын және (немесе) тәртібін, қызметтердің көлемін, санын және (немесе) жиынтықтылығын, олардың құнын өзгертуге және (немесе) толықтыруға құқығы бар екендігі туралы келісімге келді. Осы ретте:
– Осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы Тапсырыс берушіні хабардар ету кез келген жалпыға қолжетімді тәсілмен, оның ішінде Сайтта ақпаратты орналастыру және (немесе) өзгертулер және (немесе) толықтырулар күшіне енгенге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын электрондық пошта бойынша тапсырыс берушіге хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші Шартқа енгізілетін өзгертулермен және (немесе) толықтырулармен келіспеген жағдайда, ол бұл туралы Орындаушыны олар күшіне енгенге дейін жазбаша хабардар етуге және (немесе) қызметті пайдалануды тоқтатуға міндетті. Тараптар Тапсырыс беруші тарапынан мұндай жазбаша хабарламаның болмауы Орындаушы ұсынған Шарттың өзгертулеріне және (немесе) толықтыруларына оның келісімі ретінде қаралатынын келісті. Шарт Орындаушының хабарламасында көрсетілген сәттен бастап және оның негізінде Шартқа қандай да бір қосымша келісімдерге қол қоймай, өзгертілген және (немесе) толықтырылған болып есептеледі;
– Тіркелген пайдаланушы Шартта регламенттелген тәртіппен Акцепт жасағанда Тапсырыс беруші Шартқа қосылған кезде Шарттың талаптарын сақтау және жетілдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Орындаушы Тапсырыс берушіге сайттың «Жария шарт» бөліміндегі «жүктеу» батырмасын басу арқылы Тапсырыс берушінің бағдарламалық-техникалық құралына Акцепт жасаған кезде Шарттың мәтінін жазуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
– Шарттың қолданыстағы редакциясы Орындаушының сайтында «Жария шарт» бөлімінде орналастырылады және Тапсырыс беруші Шарттың өзгертулер және (немесе) толықтырылуына байланысты оның талаптарымен үнемі танысып отыруға өзіне міндеттеме алады. Тапсырыс беруші Орындаушының келісімінсіз Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Орындаушы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді өзге тұлғаларға беруге құқылы.
9.5. Шартты бұзу тараптардың келісімі бойынша, сонымен қатар Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша Шартты орындаудан біржақты бас тартқан (Шарттан бас тартқан) жағдайда мүмкін болады.
9.6. Тараптардың келісімі бойынша Шартты бұзу туралы ұсыныс екінші Тарапқа ұсынылған бұзу күніне дейін кемінде 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Шартты екіжақты келісім жасау және бір Тарап жіберуі немесе оны екінші Тарап қабылдауы (акцепті) арқылы бұзу.
9.7. Шартты орындаудан біржақты бас тарту Шартты орындаудан бас тартылған күнге дейін кемінде 30 (отыз) жұмыс күні бұрын басқа Тарапқа жіберілетін жазбаша хабарлама бойынша жүргізіледі. Тараптар хабарламаны тапсырысты ресімдеу кезінде көрсетілген төмендегі кез келген тәсілмен жіберуге болатындығы туралы келісті, атап айтқанда:
– электрондық пошта арқылы;
– пошта арқылы міндетті түрде тіркелетін пошта жөнелтілімі (тапсырыс хаты) арқылы;
– жөнелтуші хабарламасының данасында қолхатпен қолма-қол арқылы.
9.8. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген Шартта Тараптың Шартты бұзуына байланысты, екінші Тарап Шарттан бас тартуға құқылы өзге де жағдайларды келісті:
9.9. Тапсырыс берушінің бастамасымен:
– бірнеше рет 3 (үш ) рет және одан да көп, Орындаушының шартта белгіленген қабылданған міндеттемелерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы;
– Орындаушының Шартта белгіленген міндеттемелерді орындауды 30 (отыз ) жұмыс күнінен астам мерзімге кешіктіруі;
– Орындаушының Шартта белгіленген міндеттемелерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы.
9.10. Орындаушының бастамасымен:
– бірнеше рет 3 (үш ) рет және одан да көп, Тапсырыс берушінің Шартта белгіленген қабылданған міндеттемелерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы;
– Тапсырыс берушінің Шартта белгіленген міндеттемелерді орындауды 30 (отыз) жұмыс күнінен астам мерзімге кешіктіруі;
– Тапсырыс берушінің Шартта белгіленген міндеттемелерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы.
10.ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10.1. Шарт, сонымен қатар Шарттың орындалуына байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндірілуге жатады.
10.2. Осы Шарттың талаптарын қабылдай отырып, кейбір құжаттар үшін жеке әзірленім қажет болғандықтан, Тапсырыс беруші Орындаушының сайтында ұсынылған құжаттардың үлгілері мен шаблондары үнемі тапсырыс берушінің мүддесіне толығымен сәйкес келе бермейтініне келіседі.
10.3. Шарт осы Шарттың 1.3-тармағында белгіленген Акцепті қабылдаған сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптар өзіне қабылдаған міндеттемелерді толық орындаған кезге дейін қолданылады. Шарт Келушілер немесе Пайдаланушылар болып табылмайтын, алайда Тапсырыс берушінің атымен сайтқа кіру нәтижесінде құқықтары мен мүдделеріне әсер етуі мүмкін үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне байланысты қатынастарға да қолданылады.
БАНК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
«Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ
БИК KSNVKZKA
АЯШИНОВА АЙНУР ДАУРЕНОВНА
ИИК: KZ63551Z229146787KZT
БИН: 001130650243
Шот валютасы: KZT
ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЫ:
Қазақстан Республика, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Ардагерлер көшесі, №38/3-үй, №66 пәтер.
Прейскурант:
1. Жеке биографиялық бет ашу (21 000 тг – стандартты форма, 30 000 тг — vip форма)