Search
Close this search box.

Нұрсейітұлы Кәткен (1906-1998)

Нұрсейітұлы Кәткен – 1906 жылы 13 қантарда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Төсағаш ауылында дүниеге келген. Әкесі Нұрсейіт – ауқатты, беделді адам болған. 3000 мыңға жуық жылқысы болған. Кеңес үкіметі кезінде тәркілеуге ілініп, Алтай өлкесіне көшкен. Елге 1934 жылы қайта оралған. Содан бері Павлодар облысы Шарбақты ауданы Арбиген ауылына келіп қоныс тепкен. Содан «Память Ленина» колхозында еңбек етіп, 1941 жылы Отан соғысына аттанады. Теміржол әскері қатарында қызмет еткен. Соғыс кезінде Карпатта, Румынияда, Венгрияда болған. «Әскери қызметі үшін» медалі мен марапатталып, 1946 жылы 14 желтоқсанда соғыстан елге оралып, «Память Ленина» колхозында еңбек еткен. 1947-1951 жылға дейін «Память Ленина» колхозының басшысы болып қызмет атқарған. 1951 жылы ұсақ бес колхозды қосып, үлкен «Память Ленина» деген совхоз құрылған.

Сол совхозда 1951 жылдан бастап, шопан болып істеген. 1961 жылы екі «Цилинный» және «Память Ленина» колхозын қосып совхоз құрған. Сонда шопан болып істеген.

1964 жылы «Тың игеруге қосқан үлесі үшін» медальмен марапатталады.

1965 жылы бесжылдық планды артық орындағаны үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.

1966 жылы «Облыстың үздік шабаны» атағын алды.

Бірнеше мәрте коммунистік еңбек екпіндісі. Ауылдық «Кеңестік депутаты» болып сайланған. Бірнеше рет аудандық Кеңестік депутаты болған. Москвадағы Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесіне қатысқан. Қойды асылдандыру үшін «Хвойная лапка» деген дәрі ойлап шығарған. Сол үшін ауданға үндеу қабылдаған. Осы еңбегімен зейнеткерлікке шықты. Алты бала тәрбиелеп өсірген. 1998 жылы 92 жасында дүниеден өтеді.

Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!