1904 жылы Құдайқұл ауылында дүниеге келген. 1925-28 жылдары Павлодар қаласында училище бітіріп, Май ауданында бухгалтерия саласында жұмыс істей бастаған. 1930-шы жылы Ләйлә жеңгемізбен шаңырақ тігіп, бес балалы болды. Соғыстан кейін Түсіп ағай Екібастұз кеңшарында бас бухгалтер болып жұмыс істеді. Біреулер «донос» жасап, Түсіп ағамызды 1949-шы жылы ІІХК қамауға алды. Ол Семей түрмесіне қамалды. Түрмеде Түсіп ағай туберкулезден төсек тартып қалғандықтан, ол кісіні туыстары үйіне алып кетті. 1950 жылы Грязновка ауылында жерленген.