1927 жылы 15 қыркүйекте Шійле ауылында туған. Шійле ауылындағы жетіжылдық мектепті бітірген.
1950-1955 жылдары Қытай Халық Республикасында қызмет етті.
1956 жылдан бастап Қалқаман ауылында тұрған.
1957 жылдан 1970 жылға дейін Қалқаман тас карьерінде жүргізуші болып жұмыс істеді.
1970 жылдан 1975 жылға дейін Қалқаман элеваторында жүргізуші болып жұмыс істеді.
1975 жылдан 1990 жылға дейін Қалқаман жол машиналары зауытында жүргізуші болып жұмыс істеді.
Көптеген мақтау қағаздарымен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
1990 жылы зейнетке шықты.
Жұбайы Бәтима Қайыркенқызымен бірге 9 бала тәрбиелеп, өсірді.