Search
Close this search box.

Мерканов Балтабай Жақанұлы

Мерканов Балтабай Жақанұлы 1915 жылы Новосибирск облысы Чулым ауданы Қарағай ауылында дүниеге келген.1937 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылған. Владивосток қаласында қызметін өткерген. 1941 жылы батысқа ауыстырылған. Харьков, Львов, Сталинград қалаларын азат еткен. 1943 жылы Сталинградты азат ету кезінде жарақат алып, 6 ай госпитальда жатқан. 1944 жылы алған жарақатына байланысты жарамсыз деп танылып, үйіне оралған. Содан кейін колхозда ферма меңгерушісі болып жұмыс істеген. Үш рет ауылдық округтің депутаты болып сайланған. Медальдармен және екінші дәрежелі орденмен марапатталған. 1988 жылы Новосибирск облысынан Қазақстанға көшіп келген. 1989 жылы 10 желтоқсанда дүниеден озған.

Жұбайы — Раисова Азина Рахымжанқызы 1927 ж.т. Бірге 44 жыл өмір сүріп, 11 бала – 7 қыз және 3 ұл тәрбиелеп өсірген және оқытқан. Ағажан 1946 ж., Асқапжамал 1949 ж., Ұлдай 1952 ж., Айсұлу 1955 ж., Дамеле 1957 ж., Үміт 1959 ж., Бақыт 1962 ж., Рашид 1964 ж., Гуля 1966 ж., Серік 1969 ж., Берік 1972 ж. Баршасы ата-анасынан үлкен тәжірибе алып, қазіргі уақытта барлығы бөлек тұрады және өз балаларын тәрбиелеуде.

Біздің анамыз Азине Рақымжанқызы соғыс кезеңінде колхозда жұмыс істеп, бұзау баққан. Соғыс аяқталғаннан кейін мектепте еден тазалаушы болып жұмыс істеген. Оның Батыр ана және КСРО Ана даңқының үш дәрежесі бар. Кейіннен Алтын Алқамен марапатталған. Азине Рақымжанқызы 82 жыл өмір сүріп, 2009 жылы 10 шілдеде қайтыс болған. Қазіргі уақытта 23 немересі, 6 шөбересі Қазақстанда тұрады.

Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!