Search
Close this search box.

Күзембаев Қабдыраш (Кабдраш) (1916-2000)

Ұлы Отан соғысының қатысушысы (1941-1945). 1945 жылғы жапон басқыншылары соғысының қатысушысы. Еңбек ардагері.
Марапаттары:

  • Отан соғысының ордені (неміс-фашистік басқыншылармен күресте көрсеткен батылдығы, табандылығы мен ерлігі үшін.
  • Жеңістің 40 жылдығына орай.
  • Жуков медалі, 1941-1945жж.
  • Жеңістің 40, 50 жылдығына орай мерейтойлық медальдар.
  • Жапонияны жеңгені үшін медалі.
  • 30/IX 1945ж. медалі.

Күзембаев Қабдыраш Садуақасұлы 1916 жылы Новосибирск облысы Чулым ауданы Еңбекші (Малиновка) ауылында дүниеге келген. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Ұлы Отан соғысына аттанған. Германиямен соғыстан кейін ол Жапониямен соғысқа қатысқан, басқа жауынгерлермен бірге Кеңес Одағының шекарасын жапондардан батыл қорғаған. 1947 жылы оны демобилизациялаған. Содан кейін Күзембаева Кабиба Тәуекелқызына (бұрынғы тегі Қаламбитова) үйленген. 1974 жылы Қабдыраш Садуақасұлы әйелі және 9 баласымен Қазақ КСР аумағы Қарасу совхозына (қазіргі уақытта Павлодар облысы Бесқауға деп аталады) келіп, шопан болып жұмыс істеген. 1986 жылы ҰОС қатысушысы ретінде Екібастұздан пәтер алып, сонда көшкен. 9 баланы өсіріп тәрбиелеп, құрметті ақсақал атанған. Ол әдемі есімдерді қоятын, туысқандарының көпшілігі өздерінің балаларына оның ат қоюын сеніп тапсыратын, сондай-ақ жақсы баталарды білетін және беретін. Оның батасын алу үшін адамдар басқа қалалардан келетін. Барлық немерелерін жиі жинап, соғыс туралы, сол қиын кезеңдерде адамдардың не бастан кешкені туралы әңгімелеп беретін. Ол соғыс уақытында тек нан мен сумен ғана тамақтануға тура келгені, фашистермен шайқаста құлаған батыр сарбаздарды окоптарда жерлеуге мәжбүр болғаны, сонымен бірге олардың баршасы фашизмді жеңіп, үйге оралуды қалай армандағандары жөнінде айтатын. Ол әділ, адал және батыл болған, онымен кем дегенде бір рет кездескен барлық адамдардың есінде осылай сақталатын. Балалары, немерелері мен шөберелері үшін үлгі болған.

Күзембаев Қабдыраш Садуақасұлы 2000 жылдың 21 қазанында 85 жасында қайтыс болған.

Күзембаев Құламерген Қабдырашұлы 1966 жылдың 1 қаңтарында Новосибирск облысы Чулым ауданы Еңбекші (Малиновка) ауылында дүниеге келді.1974 жылы ата-анасы, ағалары мен әпкелерімен бірге Қазақ КСР аумағы Қарасу совхозына (қазіргі Павлодар облысы Бесқауға) көшіп келді. Орта білімді Қарасу орта мектебінде алды. 1982 жылы Қызыл Әскер ауылшаруашылығы техникумына гидромелиоратор мамандығы бойынша оқуға түсті. 1985 жылы әскер қатарына шақырылды, қызметін Карелияда өткерді. 1987 жылы әскер қатарынан оралды, осы жылы Күзембаева (бұрынғы тегі Сағындықова) Орынгүл Бақтыбайқызына үйленді. Балалары Күзембаев Нұртуар Құламергенұлы 25.11.1988 ж.т. және Күзембаев Мәдениет Құламергенұлы 29.04.1990 ж.т.

Құламерген Қабдырашұлы, ұлдары Нұртуар мен Мәдениет, немерелері Ерназар мен Ильхам
Кузембаев әулеті
Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!