Search
Close this search box.

Кисанов Қайрат Зақарияұлы (1936-2008)

Кисанов Қайрат Закарияұлы 15-ші қазан айында 1936 жылы Қызыл-Қоғам ауылы, Лебяжі ауданында, Павлодар обласында дүниеге келген.
Әке-шешесі: Закариянов Қисан, Закириянова Рабиға коллективтендіру кезінде Қызыл-Қоғам колхозына бірінші колхоз мүшесі болып кіргендердің және оның ұйымдаструшыларның бірі болған. Жан-ұясында: әйелі, қызы, екі немересі , күйеу баласы бар. Қызы, күйеу баласы медецина саласында қызмет атқарады, немерелері мектеп жасында. 1973 жылы Целиноград ауыл- шаруашылық институтының «ауылшаруашылығын механикаландыру» факультетің инженер-механик мамандығымен бітірген.
-1955 жылы Қызыл-Аскер орта мектебін бітіргеннен кейін 1955- 1958 жылдар арасында әскер қатарында міндетті борышын атқарады.
-1958-1961 жылдары Лебяжі аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы болып қызмет істейді.
Бұл кездері аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Даржұманов Қанат Болатұлы, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Есеналиев Михаил Иванович деген белгілі азаматтар болатын.
Бұл кісілердің ақыл-кеңесі Қайратқа өз әсерін тигізбей қойған жоқ.Жұмыс істеген осы жылдары өзінің қабілетін көрсете білді.
-1961-1965 жылдары Целиноград облысының автокөлік жүесінде қызмет істейді, 1964-1965 жылдары Астрахань ауданы, Астрахань автокөлік кәсіпорыны бастығының орынбасары қызметін атқарады. Тың өлкесінде осы жылдары жаңа савхоздар ашылып жатқан кезен болатын. Астрахань аудандық атқару комитетінің төрағасы Жазин Нұрмағамбеттің тапсыруымен қыс бойы, жем-шөп қорын жаңадан құрылған «Барщин» совхозына (Қорғалжын ауданы), жеткізу автокөлік кәсіпорына жүктелді. Бұл тапсырманы аброймен орындап, мал басын қыстан аман сақтап қалуға көп үлесін қосады (13.05.1964- 20.10.1965 ж.).
-1965 жылы 26 қазан айында, Павлодар автотрестінің бастығының бұйрығымен Железинка автокөлік кәсіпорына, кәсіпорын бастығының орынбасары болып жұмысқа орналасады.(26.10.1965- 06.09.1968 ж.)
Осы жылдары Ертіс-Караганда қаналының құрылысына қатысып (Қалқаман аймағы) автокөлік жұмыстарын ұйымдастыруменен қаналдың дер кезінде іске қосылуына көп жұмыс істеп, алған міндеттемелерін ойдағыдай орындап шығады.
-6.09.1968-12.11.1969 ж. Железинка аудандық ауылшараушылық басқармасында аға инженер болып қызмет атқарады, совхоздардың материалдық -техникалық базасын нығайтуда бірсыпыра жұмыс істелінеді.

Әсіресе осы жылдары,Ертіс өңірінде жұмыс қабілетінің арқасында автокөлік кәсіпорын бастығының орынбасарынан-аудан ішкі істер басқармасы бастығы орынбасарына көтеріліп өзін халыққа таныта білді.(12.11.1969-1973ж)
1973ж-06.09.1983 жылдары, 10 жыл ауданаралық МАИ (МРЭО ГАИ) бастығы болып натижелі жұмыс істеді. 4-ауданда: Ертіс, Железинка, Кашыр, Ақтоғай аудандарында арнайы автокөлік жүргізушілер дайындайтын оқу орындарынаң жұмыс процесін қадағалап, бақылау жасап, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда көп жұмыстар атқарады, және автокөлік тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарын жүргізіп , оның мемлекет қаулысының зандылық жүйесіне сәйкестіріп жүргізү, бүкіл облыстық МАИ жүйесіне үлгі өнеге болды.

Кисановтың тікелей қатысумен 1973-1983 жылдары осы 4 аудандарда 9 мыңға жуық автокөлік жүргізүшілер дайындалды. Бұл облыстың халық- шаруашылығына оның өркендеуіне қосылған үлкен үлес деп есептеймін.
-1983 жылы Ертіс аудандық сатқару комитететінің шешімен, аудандық партия комитетінің келесімімен Ертіс қалалық өндіріс комбинатының директоры болып тағайындалады, осы комбинатты 12 жыл баскарады.(1983- 1995 ж). Осы жылдары комбинаттың өсіп- даму кезені болды,комбинат қаржысына 15 тұрғын үй, 1 жатақана 30 орындық, тағы да басқа әлеуметтік нысандар салынды.
-1995 жылы Ертіс аудандық кәсіподақ қызметкерлерінің агронеркәсіп комитетінің төрағасы болып сайланады. Бұл жұмысты 2000 жылға дейін атқарып келді. Халықпен жұмыс істеу өзіне тән- қасиет.Нәтіжелі жұмыс көрсетті (1995-2000ж)
Аудан еңбекшілері үлкен сенім көрсетіп 1985 жылы Ертіс қалалық Советтің депутаты етіп сайлады, 1985-1988 жылдары ККП аудандық партия комитетінің мүжесі етіп сайлады.Мемлекет медальдарының иегері. Үздік милиция қызметкері, милиция майоры.
2006 жылы 13 желтоқсанда Ертіс ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

ОЙЫ ӨРІСТІ, ҮЛКЕН ТҰЛҒА БОЛАТЫН

Балалық, жастық дәурен шағымыз, азаматтық пен қарттыққа аяқ басқан кезіміз бірге өткен достан айрылып, бақилық болған жолдас-досты еске алып, қалам тарту артында қалған біздер үшін қаншалықты ауыр екендігін айтып жеткізу қиын-ақ. Осындайда фәнилік өмірдің сан-қилы сөттері көз алдыңнан кезектесіп өтіп жатқанда, әсіресе, ұмытылмас балалық шақ орала беруінің өзі де орынды деп түйіндейсің.

Қайрат бес жасқа толғанда әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысы басталып, кәмелетке жасы толған азаматтардың бәрі соғысқа аттанған болатын. Солардың қатарында Қайраттың әкесі Қисекең де (Қисан) қанды майданға аттанып, 1945 жылдың күзінде елге оралған еді. Ол кезде біздер 9- 10-дар шамасында жасөспірім едік. Әкесі Қисан майданда қан кешіп жүргенде, анасы Рабиға колхоз шаруашылығына белсенді араласа еңбек етіп еді. Ал Қайрат болса жетілерге толар-толмас кезінен бастап үйдегі шаруа мен өзінен бес жас кіші інісі Әсетті от пен судан сақтап қарап бағумен болды. Балалықтың аты балалық қой! Арасында сол кездегі ауыл балаларына тән «ләңгі» (ортасына қорғасын ерітіндісін бекіткен салмақ үшін — ешкінің терісінің қиқымынан жасалынған аяқпен лақтыра аспандатуға арналған жасанды спорт бұйымы) ойынын шебер, әлі көз ілестірмей тез жерге түсірмей лақтырып ойнайтын. Арасында кезектестіре «сақа» ойынына ауыса (асық пен топайды қаз қатар тізіп атқылау) мергендік пен дәлдік ептілігіне, біздер таң қала қайталауға тырысатынбыз. Өсе келе аяқ доп — футбол, қол доп — волейбол ойындарына ауысып маңайына балаларды тарта білген де Қайрат болатын.

Кейде бұл табиғатқа, табиғи тұқымның ерекше әсерлі ізіне таң қалмасқа шараң болмайды. Әсет болса аумаған әкесі, ал Қайрат анасының дәл көшірмесі. Қою қара шашы, домалақ бет қараторылығы, күлімдеген қара көздері көпшілікті баурай бауырына тарту күші мол болатын.

Қайрат бала кезінен еңбекшіл, адал, бірбеткей, көпшіл болып өсті. Оған ерекше әсер етуші анасы Рабиға апай болса, өскен ортасы, кезінде Қазақстанға аты шыққан 1928 жылдары ШКМ (школа крестьянской молодежи) болып ашылып, Қызыл әскер орта мектебі бүгінде C.Сатыбалдин атындағы мектептің оқушылар, ұстаздар ұжымдарының әсері Қайраттың дұрыс, ойдағыдай азамат болып қалыптасуына әсерін тигізгенін айтпауға болмас, Мектеп бітіргеннен соң әркім өз қалауы, әрі өмір ағымымен кете барады емес пе? Қайрат Қисанұлы да әскери міндетін атқарып келгеннен кейін 2- 3 жылдай Лебяжі аудандық комсомол комитетінле нұскаушы болып жүргенінде сол кездегі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Дәржұманов Қанат Болатұлы мен облыс комсомол комитетінің бірінші хатшысы Есеналиев Михаил Ивановичпен еңбектес бола отырып, ол адамдардың жақсы қасиеттерін бойына сіңіре, ақыл-кеңестерін тыңдай келе әрі қарай оқуды жөн көрген Қайрат Целиноградтың ауыл шаруашылық институтының « ауыл шаруашылығын механикаландыру» факультетін инженер-механик мамандығы бойынша 1973 жылы ойдағыдай тәмамдайды. Еңбектен қол үзбей оқуын жалғастыра білген Қайрат Целиноград облысының Астрахань ауданының, Павлодар облысы Железинка ауданының автокөлік кәсіпорны бастығының орынбасары қызметін атқарған шақтарында егін өндіру және мал шаруашылығын дамыту салаларында абыройлы еңбек еткенінің нәтижесінде Железинка аудандық ауылшаруашылық баскармасында аға инженер кызметін атқарды.

Сол кездегі совхоздар мен колхоздардың, қазіргі әртүрлі кеңшарлардың материалдық- техникалық базасын нығайтуда еселі еңбек етіп, үлкен абыройға бөленді. Ертіс өңірінде жұмыс қабілетінің арқасыңда Железинка аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасарлығына көтеріліп өзін халыққа таныта білген жақсы ұйымдастырушы, іскер де, қамқор басшы бола білген азамат аталуының өзі де кездейсоқ емес еді. Табаны күректей он жыл бойы Железинка, Қашыр, Ақтоғай, Ертіс аудандарына бөлінген аудан аралық МАИ- ды (МРЭО ГАИ) басқарып, 9 мыңдай автокөлік жүргізушілер дайындап, облыстың халық шаруашылығына, оның өркеңдеуіне үлкен үлес қосып, облыстың МАИ жүйесіне үлгі-өнеге көрсеткен басшы бола білді.

Кіңдік қаны тамған, білім нәрімен сусындаған, еңбек жолын бастаған туған жері Лебяжі ауданы, Қызыл қоғам кеңшары (бұрынғы миллионер атанған, Қызыл қоғам колхозы) болғанымен өмірінің ең абыройлы, қызықты 27 жыл таза өңбек жолын облысымыздың астықты өңірі Ертіс ауданында өткізіп, сол өңірде 35 жыл өмір сүрген Қайратты ертістіктер біздің Кәкең деп өздері меншіктене мақтаныш тұтулары да орынды. 12 жыл Ертіс қалалық өндіріс комбинатының директоры, 5 жыл Ертіс аудандық кәсіподақ қызметкерлерінің агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болып сайланып жұмыс істеуінің өзі сол аудан халқының, басшыларының үлкен сенімі мен өзінің абыройының нәтижесі екендігінің айғағы. Қайрат та ел сенімін ақтап, Ертіс ауданының өркендей қарыштап өсуіне ауыз толтырарлық үлесін қосқан азамат.

Қай жерде, қай уақытта еңбек етсе де Қайратты турашыл, ашық жарқын мінезді, сезімтал, адал, еңбекқор азамат ретіңде таныды да, сыйлады да. Қисанұлы Қайраттың еңбегі еш кеткен жоқ. Біздің Қайрат бірнеше дүркін Ертіс қалалық мемлекеттік медальдардың иегері, үздік милиция қызметкері, милиция майоры дәрежесіне дейін көтерілген белгілі азамат. Ертістіктер Қайраттың Ертіс ауданының экономикасын дамытудағы аудан алдындағы еңбегін еске ала отырып, 2006 жылы «Ертіс ауданының Құрметті азаматы» атағына лайық деп, құрметті атақ берді.

Қайрат Қисанұлы құжаттарында (Закария ұлы атасы) маңайына ылғи да игі жақсыларды жинап, солармен істес, аралас, дәмдес болған жан. Олардың ішінде Оралбек Қожанов, Тұрсынбай Ибадуллин, Қайрат Ахмедиев, Мейрам Хамитов, Мұрат Сабитов, Қанат Дәржұманов, Амантай Шарипов, Аманкелді Закарьянов. Қайсыбірін атай берейін, тізімі шексіз, ұзақ. Халықта «досыңды көрсет, сенің кім екеніңді айтайын» дейді емес пе. Біздің досымыз Қайрат та ип жақсылардың қатарынан ойып тұрып орын алған үлкен тұлға болатын.

Кәкеңнің есімі «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» (Дәуір. 2008) «Кто есть кто» 2006 ж. «Әйгілі аудан Ертісім» 2002 жыл кітаптарына өнгізіліп, өңбегі марапаттала жазылған белгілі азамат.

Қайраттың өмірден көрген отбасылық қызығы жалғыз қызы Толқын, ұлыңдай болып кеткен күйеу баласы Руслан, олардан көрген немерелері Әнуар, Қанат, отыз жылдан аса отасқан, өзінен бұрын өмірден озған жары Света (Шайзат). Өмір өз арнасымен жүре береді. Ал артыңдағы көзі тірі туыстары, достары, жолдастары, балалары мен немерелері Қайратты ұмытпақ емес. Ол әсіресе немерелерінің көз алдында үлгілі ата болып қала бермек.

Қ.ӘЛІБАЕВ.
жерлес досы, асық ойнап,
асыр салған жолдасы.
Павлодар қаласы.

Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!