Search
Close this search box.

Каленов Серікбай

Каленов Серікбай (Бектен немересі) – 1936 жылдың 19 сәуірінде Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Мая ауылында дүниеге келген. Өзінің алғашқы еңбек жолын 1957 жылы тракторист болудан бастайды. 1964-1969 жылдары ауылдың дән қырманын басқарады. 1970-1992 жылдар арасында трактор бригадасын басқарады. Өз ісінің майталманы болған. Соңынан ерген жастарды тәрбиелеп, ақыл-кеңесін береді, дұрыс жолға салды.

Еңбегі бағаланып, «Еңбектегі ерлігі үшін» ордені, «Еңбек ардагері»,
«Жеңістің 65 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

Жан жары Мәрияш Әйтімқызы сегіз баланы тәрбиелеп өсіреді. Балалары жоғарғы оқу орындарын бітіріп, Астана, Семей қалаларында қызмет атқарады.

Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!