Кәбдікәрім Сейітқалиұлы 1927 жылы 17 қазанда Ермак ауданы, Грязновка совхозында дүниеге келген. Совхоздың жүргізушісі болып жұмыс істеген. Басында, директордың (сол кезде-Мамаит Омаров) жүргізушісі болды. Кеійн , жүк көлігін жүргізген, Семейден зауытқа жүн тасыған. 1963 жылы қайтыс болған.
Жұбайы Балкеш 1931 жылы Қарағанды облысы Жаңа-Арқа ауданы Атасу совхозында туылған. Шопан, сауыншы, бригадир болып жұмыс істеген. Сегіз баланы дүниеге әкелген. Бесеуі қайтыс болған. Қалған балаларын оқытып өсірген: Теміржан 1951 ж.т., Өркен 1954 ж.т. және Дүйсен 1960 ж.т. Барлығы жеке тұрады. Өз балаларын тәрбиелеуде.