Менің ұлы атам Әбденов Темірбай, әжем Қамария. Атам Темірбай 1904 жылы туып, 1941 жылы 13 декабрьде Отан соғысына аттанады 1942-ші жылдың 8 апрелінде қайтыс болады, төрт бала сүйеді. Тәукен, Амантай, Бағдат, Аманжол деген. Амантай менің атам 1937 жылы Жолқұдық совхозында дүниеге келеді, әжем Қорлығайын Ғалямқызы 1938 жылы туған, тұрмыс құрып, Қаншайым, Жұмаш, Роза, Айгүл, Айнұр есімді бес бала көреді.
Жұмаш менің әкем 1959 жылы Жолқұдық ауылында туған. 1979 жылы анам Айман Құнанбайқызымен отау құрады, ұзақ жылдар жол жөндеу учаскесінде жұмыс істеді, бір қыз, бір ұл көрді, қызы Гүлнар 1981 жылғы, Астана қаласында жұмыста, жолдасы Дастан Болатбекұлы шекара қызметінде істейді, қыздары Айша 8-ші сыныпты бітіреді. Мен Азамат Жұмашұлы 1986 жылы туғам, жұбайым Айым Балтабайқызы екеуміз екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмыз, ұлымыз Арыстан төртінші сыныпты бітірді, Асанәлі мен қызымыз Раяна оқу жасына жеткен жоқ. Әкеміз Жұмаш Амантайұлы 2013 жылы дүние салды, анамыз Айман Құнанбайқызы бізбен бірге тұрады, зейнеткер, көп жылдар сауда саласы мен коммуналдық шаруашылықта қызмет істеді, өзім Павлодар қаласында сот орындаушысы болып қызмет істеймін.
2023 жыл, Әбденов Азамат Жұмашұлы
Шақырылған орны: Қазақ КСР, Павлодар обл., Кагановичский ауданы Кагановичский РӘК, Әскери бөлімі: 35 гв. кп 17 гв. кд 2 гв. кк 1 БелФ, Әскерге келген күні: 12.1941, марапаттары:
II дәрежелі Даңқ ордені, Ерлік жасаған күні: 27.07.1944 ж., марапаттары: «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі, Ерлік жасаған күні: 22.01.1945 ж.
Омарбаев активный участник Отечественной войны, дисциплинированный и исполнительный младший сержант, в боях смел и решительный. 22.1.45 г. в районе ГРЕНВАЛЬДЕ (Польша) противник совершил нападение на расположение штаба полка. Тов. Омарбаев будучи на посту по охране боевого знамени полка стойка отражал нападение противника.
В боях за деревни Вялки Седлецкого уезда (Польша) 25.07. 44 года, уничтожил две пулеметных точки противника. 27.7.44 года в уличных боях уничтожил населенный пункт противника и до 10 немецких солдат и офицеров. В этом бою был сам тяжело ранен и эвакуирован в госпиталь. тов. Омарбаев заслуживает правительственной ордена «Слава» 2-степени.
Соғыстан абыроймен оралғасын бейбіт өмірде Жолқұдық совхозының дамуына көп еңбек сіңірді.
Бастауыш партия комитетінің хатшысы, жергілікті советтің басшысы қызметтерін атқарды. Демалысқа шықса да үйде отырмады, совхоздың әр жұмысына көмегін беріп отырды.
Бір мысал, жазда малдар жайылымға шыққанда қыста тұратын қоралар бос қалады ғой, оған балалар кіріп көгершін, торғай аулайды, әйнек, есігін сындырады. Сол бір күні Қасым ағамыз қолында қос ауыз мылтығы бар, қораға жетіп келіп үстімізден оқ атып, бәрімізді қуып шықты. Содан қораға жолауды қойдық.
Ауылда Қасым ағамыз шаштараз болатын, ұстарамен ақсақалдардың шашын алатын. Зайыбы Машкура анамыз екеуі ауылдағы үйлердің пешін салатын.
Ауылдағы зиратқа марқұмдарға тас қояды да, сол Қасым аға бірінші жасап игерді, мен балдызы Рамазан соның жазуын жазатынмын.
Өте таза адам, ауылда жазда әрі үйде қара масадан көп нәрсе жоқ қой, ал ол кісінің үйінде бір маса болмайды, өзі ақ көйлек, ақ шалбармен жүреді.
Рамазан Керімбаев естеліктерінен