Search
Close this search box.

Дүйсенбай Рахимов (1912-1991)

Дүйсенбай Рахимов – 1912 жылы Лебяжі ауданы Төсағаш ауылдық кеңесіне қарасты «Қызыл егінші» ауылында қарапайым қазақ шаруасының отбасында дүниеге келген. Коммунистік партия қатарына 1943 жылы алынған.

Лебяжі аудандық әскери коммисариаты арқылы 1942 жылы шілде айында қатардағы жауынгер ретінде шақырылған. 1943 жылдың сәуір айына дейін ҰОС-да 84 атқыштар полкінің құрамында, 1944-1945 жылдары 88 атқыштар полкінде атқыш болады. Осында әскери ант қабылдайды. Кейін 592 атқыштар полкінде әскери борышын өтейді. КСРО жоғары кеңесінің президумның жарлығы негізінде 1945 жылы желтоқсан айында елге жіберіледі. 1943 жылы сәуірде Ұлы Отан соғысында оң қолынан, 1945 жылы желтоқсан айында оң жақ иығынан жараланады. 1945 жылы 21 сәуірде контузия алып, оң жақ аяқтан ауыр жарақаттар алған. Ұлы Отан соғысындағы қайсарлығы үшін бірнеше мәрте марапатталады.

1945 жылы 9 мамыр күні «1941-1945 жылғы ҰОС-да Германияны жеңгені үшін» (куәлік №433526), «ҰОС-да Жапонияны жеңгені үшін» (Куәлік №28469), медальдары берілген. ҰОС-ның ардагері. Соғыстан кейін мал шаруашылығына өз үлесін қосқан. Дүйсенбай ата 1991 жылы Екібастұз қаласында қайтыс болды.
Мен атамның әскери өмірін әрқашанда келер ұрпаққа айтып, өзіме үлге етемін.

Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!