Нұрахмет Зейнел-Қабиденұлы – 1930 жылы қазан айының 9-ында қазіргі Павлодар облысы Аққулы ауданының Сарыөзек ауылында дүниеге келген. Руы – Бәсентейін, оның ішінде – Тәуке. Нұрахмет – отбасындағы жалғыз ұл болған.
Ұлы Отан соғысы жылдары әкесі Зейнел-Қабиден «трудармияда» жүрген кезде Нұрахмет небары 10 жаста болған. Сөйте тұра, анасы Қасымқызы Зурәға болысып, тылда еңбек еткен.
Ұлы Отан соғысы аяқталған кейін тракторист болып «Сталинец-80» тракторымен тың жерлерді игеруге атсалысады. 1959 жылдың нәтижесі бойынша, егін егу жоспарын артығымен орындағаны үшін ерекшеленген. Сондай-ақ, Нұрахмет Астық қабылдау пунктінде механик қызметін атқарған.
Сол қажырлы еңбегімен біліктілігі үшін 1983 жылы КСРО Президиумының Жоғарғы Кеңесі атынан «Еңбек ардагері» медалімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен және 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің №1439 жарлығымен «Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске — 60 жыл» медалімен марапатталады.
1950 жылы анамыз Мағмура Зейнел-Қабиденқызымен (1932-1996 жж) отбасын құрып, содан бес бала тәрбиелеп өсірген: Көкжал (1952 ж), Қарлығаш (1954 ж), Балтабай (1957 ж), Боранбай (1959 ж), Әмина (1963 ж). Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған үлгілі жанұя.
Жауырыны қақпақтай, төсі тоқпақтай, сұнғақ бойлы дене бітімі 1,9 метрге жуық палуан денелі, жылы жүзді, кішіпейіл және жоғары мәдениетті адам болған.
1990 жылы зейнеткерлікке шығып, 1994 жылы Екібастұз қаласына қоныс аударған. 2008 жылдың қараша айында дүниеден өтіп, денесі Екібастұз қаласында жерленген.