Search
Close this search box.

Айтбай Төлекұлы Алданғоров

Жарқ еткен жасын ғұмыр Айтбай Төлекұлы Алданғоров 1950 жылы 15 шілдеде қазіргі Ақсу қаласының Мәмәйіт Омаров атындағы ауылда дүниеге келген (Төлектің үлкен ағасы Шахманның ұлы, бірақ сәби кезінен бастап Төлектің ұлы ретінде тәрбиеленді, өйткені оның ұлдары болмады).
Жамбыл орта мектебін тәмамдаған соң Семей қаласының зооветеринарлық институтына оқуға түсіп, бітірді.
Оның өміріндегі үлкен өзгерістердің бірі — Алматы қаласындағы Қазақфильмнің сценарий бөлімінде оқығаны еді. Ол халық шаруашылығының түрлі салаларында еңбек етті.

Дейтұрғанмен шығармашылыққа деген құштарлығы оны журналистика саласына алып келді. Көп жылдар бойы газетте, облыстық теледидар мен облыстық радиода журналист болып жұмыс істеді.
Мерзімді басылымдардағы мақалалары, теледидар мен радиодан берген репортаждары әрдайым әйгілі жерлестері мен ауыл еңбеккерлері туралы болды. Ол өзі жазбақшы болған кітабы үшін «Қазақ дәстүрі» тақырыбына материалдар жинады. Өкінішке қарай, марқұмның кітап жазу туралы арманы орындалмады.

Айтбай Төлекұлы, қызы Айтолқын, ұлы Асылбек, жұбайы Рауза

Айтбай Төлекұлы өз саласының майталманы, өңірдегі ана тілінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан жан еді. Тұлғаның жарқын бейнесі өзі журналист болып еңбек еткен облыстық телеарнаның бейнетаспаларында сақталып қалған. Саналы ғұмырын әдебиетке арнап, тәуелсіздіктен кейінгі руханияттың өрістеуі үшін үлкен жұмыстар жүргізді. Телеарнада жұмыс істеп жүргенде «Асыл мұра», «Білгенге маржан», «Абайдың қара сөздері» телебағдарламалары мен циклды хабарлары көзі қарақты көрерменнің есіңде сақталып қалды. Мысал үшін «Білгенге маржан» телебағдарламасы 1994 жылдан бастап шыға бастады. Бұл хабардың мақсаты — қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының қарасөздері мен өлеңдерінің педагогикалық және тәрбиелік, адамгершілік пен ізгілік жайындағы философиялық қағидаларын аудиторияға жеткізутұғын.


Азаматтың көзін көрген әріптестерінің айтуынша, Айтбай Төлекұлы өте ұқыпты, кез келген мәселеге маңызбен қарап, ұлттық құндылықтарға ерекше ден қойған. Шахмат ойынын бір адамдай меңгеріп, біраз жетістіктерге жеткен. Телевизиядағы қызметінен бөлек, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстағы филиалына басшылық етті. Қазақ тілінің аясын кеңейтуге зор еңбек сіңіріп, ірі-ірі жобаларды қолға алды.

Айтбай Төлекұлы, Рауза Керейқызы, Жамал апа мен Асылбек
Жамал апа,ұлы Асылбек, әкесі Төлек


Сол тұста Павлодарда республикалық ақындар айтысын да өткізген екен. 2022 жылы өзі оқыған Жамбыл орта мектебіндегі қазақ тілі кабинетіне есімі берілді. Қысқа ғана ғұмырында соңына мол мұра қалдырып, жарқ еткен жұлдыздай болған тәлім иесінің өнегелі ғұмыры соңында қалған ұрпақтарының мәңгі есінде сақталып қалды.
Тұлға 1998 жылы 30 қыркүйекте 48 жасында дүниеден өтті.


Алданғорова (Аужанова) Рауза Керейқызы.

Айтбай Төлекұлының жұбайы Алданғорова Рауза Керейқызы 1953 жылы 22 сәуірде Новосібір облысы, Баған ауданы, Водино ауылында дүниеге келген. 1970 жылы орта мектепті бітіріп, Целиноград кооперативтік техникумына оқуға түсті. Техникумды бітіргеннен кейін Рауза Керейқызы мемлекеттік саудада жұмыс істеді, сонымен қатар Павлодар қаласының Индустриалды ауданында депутаттық қызметпен айналысты. КОКП мүшесі болды. 1975 жылы Алданғоров Айтбай Төлекұлына тұрмысқа шықты. Екі баласы бар, қызы Айтолқын және ұлы Асылбек. 1995 жылы «Манақбай» Корпорациясы жекеменшік ұйымына ауысып, зейнеткерлікке шыққанға дейін осы жерде қызмет етті.

Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!