Search
Close this search box.

Керімбаев Ғазиз (Казия)(1917-1980)

Керімбаев Ғазиз 1917 жылы Павлодар облысы Ермак ауылының Жолқұдық совхозында дүниеге келген.
Сол совхоздың 8 жылдық мектебін бітірді. Аштық жылдары (1932-1934) Павлодар зооветтехникумында оқыды. Техникумды бітіргеннен кейін Жолқұдық совхозында ауыл шаруашылық саласында қызмет жасады.

26 қаңтар 1942 жылы Ермак аудандық әскери комиссары жарлығымен әскерге шақырылды, 226-атқыштар полкінде атқыш болды.
Сол жылдың қыркүйек айында 938 артиллерия полкына 122 мм пушкаға атқыш болып ауыстырылды.
1944 жылы 37 артиллерия бригадасына 44 мм пушкаға атқыш болып ауысты.
15 ақпан 1945 жылы екі тізесінен жарақат алып, 24 мамырға дейін госпитальда жатты.
Аяғы жазылған соң қайтадан сол бригадаға оралып әскери міндетін жалғастырды.
1946 жылы наурыз айында әскери міндетін абыроймен атқарып, елге оралды.
1947 жылы көрші ауылдың Тұрсын деген қызына үйленіп, тұрмыс құрды. Екі ұл бала тәрбиелеп өсірді, бәріне жоғары білім берді.
Үлкені Рамазан – инженер-құрылысшы. Кішісі Мұрат – педиатр, бала дәрігері.

Ғазиз Керімбайұлы, жұбайы Тұрсын Айтқұлқызы және ұлдары Рамазан мен Мұрат

Керімбаев Ғазиз әскерден оралғасын ауыл шаруашылығы саласында бригадир болып жұмыс істеді.
1952 жылы Жолқұдық совхозының директорының жарлығымен бірінші бөлімшеге (Жаңамайдан) шаруашылық меңгерушісі болып тағайындалды.
Осы жұмыста 1973 жылға дейін еңбек етіп, денсаулығына байланысты зейнетке шықты.
1973 жылы анамыз Тұрсын дүниеден озды. Сосын әкеміз Ғазиз Павлодарда үлкен ұлы Рамазанның қолында тұрды.
1980 жылы сәуір айында Керімбаев Ғазиз сүйікті жары Тұрсын анамыздың жанына барды.
20 май 1957 жылы Керімбаев Ғазиз Совет Одағы Президиумының жарлығымен «За освоение целинных земель» медалімен марапатталды.
7 май 1965 жылы Керимбаев Ғазиз Совет Одағы Президиумының жарлығымен «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.» медалімен марапатталды.

Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!