1941 жылы шақырылған. Белоруссияда соғысқан. Жарақат алған (аяқ ампутациясы). 1943 жылы елге оралған.
Шаймардан атамыз соғыстан бір аяғынан айырылып мүгедек болып келсе де, балдақпен жүріп Жолқұдық ауылының 2-ші бөлмесінде сауын гурттың аға малшысы болып жұмыс жасады. Өте мықты, денелі адам болды. Екі балдаққа тұрып алып арба шанаға жем-шөп артқанда көп кісілер таң қалатын. Жолқұдық ауылының, оның ішінде құнандар бабаларының ең сыйлы, қадірлі ақсақалы болды. Шаймардан атаның ата-бабала- ры би болғандықтан ба, әлде құнандардың үлкені болғанынан ба, әйтеуір біздің әкей кейбір жөн-жораларды Шаймардан атамыздан сұрап, сол кісімен ақылдасып тұратын. Шаймардан атамыз Жолқұдық ауылының көркейіп өсуіне көп үлес қосты. Сол себептен де ол кісінің фотосуреті ауылымыздың құрмет тақтасынан түспейтін.
Атамыздың жатқан жері мамық, іші жарық, жаны жәннатта болсын деймін.
Тоқтар Әбішұлы естеліктерінен