Search
Close this search box.

Нұрмақин Жаңақ Ахметрәшидұлы (1924-1994)

1924 жылы 15-ші сәуірде Павлодар облысында дүниеге келген.

Майданға 1942 жылы Павлодар облысының аудандық әскери бөлімшесінен шақырылды. Мәскеуде реактивті артиллерия мамандығы бойынша әскери курсын тәмамдап, әскерге аттанады.
1942 жылдың тамызынан 1943 жылдың наурызына дейін 2-ші миномет бригадасында кіші командир курсант; 1943 жылдың наурызынан 1945 жылдың шілдесіне дейін 22-ші миномет бригадасында М-20 машинасының командирі; 1945 жылдың шілдесінен 1947 жылдың наурызына дейін 2-ші гв. миномет бригадасында машина командирі болады.
1947 жылы 15 наурызда әскерден босатылды. Нұрмақин Жанақ II дәрежелі Отан соғысы ордені, I және II дәрежелі Даңқ ордені, «Варшаваны азат еткені үшін» және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдерімен марапатталды.
1948 жылы Алабаева Қамажай Аушахманқызына үйленіп, 1949 жылы бірінші баласы Мәрзия дүниеге келеді.
Жанақ 1950 жылы колхоздардың жетекші кадрларының ауылшаруашылық техникумын үздік аяқтайды. 1950 жылдан 1980 жылға дейін Жолқұдық ауылының №2 бөлімшесінің басқарушысы болып жұмыс істеді.
Жары Қамажай Павлодар қаласындағы мұғалімдер дайындайтын училищені бітіріп, Қамзин орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарды. Дүниеге 7 бала – 3 қыз және 4 ұл әкелді. Барлық балалары ата-анасының тәрбиесін алып, жоғары оқу орындарын бітіреді және қазіргі таңда Қазақстанның түрлі қалаларында жұмыс жасайды.

Жанақ Ахметрашидұлы дүниеден ерте 55 жасында кетті.
1980 жылы қаңтар айында қайтыс болды.
Қамажай Аушахманқызы балаларын үйлендіріп, қыздарын ұзатып, немере сүйіп, 1994 жылы 65 жасында дүниеден озды.

Естелік жазған балалары:Қаламқас, Қанат, Қуат, Бағдат,
Жанар, Тілектес

Жанақ ағамызбен біз көрші тұрдық, үй арасында үй болған жоқ. Ағамыз өте ақылды, парасатты адам болды. Үлкенді де, кішіні де сыйлай білді. Әр уақытта кез келген ауыртпашылыққа қол ұшын беріп көмектесіп тұратын. Ол кісіні сол уақыттарда Жаңамайдан ауылының юрист-консультант, адвокаты болды дер едім. Орысшаға дегенде өте білімді болды. Менің бала кезімде біздің әкем танымайтын бір қазақтан бие сатып алады. Жарты жыл өткен соң сонау Новосибирскі облысынан келіп сол биені әкеткенші болғанда Жанақ ағамыз келіп істің мән-жайын біліп, олардан қолхат алып биені бергізді де, әкеме түсіндірді. Сөйтсе, биені ұрлап әкетіпті де, біздің әкейге сатып жіберіпті. Соңынан Жанақ ағамыз бас болып әкем екеуі сонау Новосибирскіден сол биені барып алып келді. Ағамыздың жүзінен ақкөңілділігі, күлкісі кетпейтін. Ауылымызда ағамыз ең құрметті, сыйлы адам болды. Ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы мамық, жаны жәннатта болсын деймін.

Тоқтар Әбішұлы естеліктерінен

Жанақ Ахметрәшидұлы мен жұбайы Қамажай Аушахманқызы
Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!