Search
Close this search box.

Қомар Смағұлұлы

Смағұлұлы Қомар 1935 жылы15 қантарда дүниеге келген. Өмірін кеңес үкіметі кезінде Омбы облысы Русская поляна ауданы Сибиряк совхозына қарасты «Қашар» атты қыстауда өткізген.

Сол жерде отау құрып, бала-шағалы болып, қой өсіру саласында еңбегімен елге танымал, атақты «қойшы» болған. Үкімет тарапынан еңбегі еленіп, 1972 жылы «Ленин» орденімен марапатталған, «Москвич» атты автокөлік берілген. Осы жетістіктерді бар-жоғы 53 жасына дейін өткерген. 1988 жылдың тамызында әскерге Ауғанстанға түскен баласының қаза болғаны туралы хабарды естіген кезде, қатты қайғыру үстінде, жүрегі шыдамай мезгілсіз дүниеден өткен.

Смағұлұлы Қомар жан жары Шәріпқызы Үнбезиямен бес ұл, үш қыз өсірген.
Қазіргі күнде «Сибиряк» ауылында орталық көшенің бірі Ауғанстанда болған баласы Сансызбай Қомарұлының атымен аталады.
Оқыған мектебінде Сансызбайға арналған «Музей» бар. Екеуі де сол Сибиряк ауылына қарасты «Қашар» атты қыстаудың жанында жерленген.

Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!