Search
Close this search box.

Ыбрай ұлы Темірболат (1914-1969)

Шошан қажының немересі- Ыбрай ұлы Темірболат өзінің айтуы бойынша 1914 жылы Жаңа ауыл деген жерде туған. Тұзқаланың маңында. Паспорт бойынша 1919 жылы туған. Алғырт, көкірегі ояу, көзі ашық азамат болып өсті. Конфискацияның кезінде Ыбрайдың отбасы бала-шағасымен Новокузнецкіге бет алды. Әкем сонда жұмысқа кіреді, алтын шығаратын жерге. Анасы Қайша: «Итіміз май жемеді» — депті, сондағы тұрмыстары жайлы. Әкемнің бай ұрпагы екенін ол жақта секем туғасын, бір түнде қашып үлгірген. Қайша әжеміз аурушаң шалын төсек-орын арасына тықпалап екі баласымен елге жеткен. 1938 жылы әкемді Павлодардан әскерге аттандырған. Содан үйге 1946 жылы келген. Финдер соғысына , жапон шапқыншыларымен болған шайқастарға қатысады. Әңгімелерінде Хасан, Халкин-Гол деген
жерлерін атап атыратын.

Шошан қажының ұрпақтары

Үйленіп, біздің анамыз екеуі мұғалім болды. Екі созывтың шешіме боыйнша Ямышев аулдық округінің ауылнай (председатель сельхоз совета) болып сайланды. Ол кезде Уахап Сыздыков ағам председатель колхоза болды. Тито екеуіміз әкелерімізбен бірге шабындыққа барсада, Ертістің ар жағында шабандарға барсада бірге жүрдік. Совхоздың дүние-мүлкіне ие болды (комендант). Ол да үлкен жауапкершілікті талап етеді ғой. Бірінші отделениенің парткомы болды. Ағайынның арасында белсенділігін білдіріп жүрді. Бірақ өмірден ерте озды. Құғын-сүргіндік, соғыс жылдарында көрген қиыншылықтары ізін қалдырды. 1969 жылы қайтыс болды.
Екінші анамыз жеті баламен жалғыз қалды. Екі ананың балалары бір жерде өсіп, оқуымызды оқып, ел қатарлы өмір сүрдік. Әкеміздің өсиетін әлі де есімізде сақтап, ағайын тату-тәтті араласып жүрміз. Өз алдына ата-әжеміз. Немерелі, шөбереліміз, әр саланың мамандарымыз. Соғыстан келгенде шені
«лейтенант», қай әскерлер екені есімде жоқ. Мен өзім 20 жаста қана едім, кішіміз- 5 жаста.

Бірінші анамыз Айтимова Мария Айтимовна (Мағрупа Әйтімқызы) 1919 жылы туып, 1955 қайтыс болды. Өмір бойы мұғалім болды,соғыс жылдары қаладағы мұғалім оқүны бітірп сабак берді. 1955 жылы «Отличник народного образования» қазақ әіелдер мұғалімдердің арасында, бірінші рет сондай белгі алды.
Екінші анамыз Бектаувова Әсма 1925 жылы «Қарауылда» (Тілектес ауылда) туыды. Енбек ардагері. Тәшім Тыңымұлы қажының жіені. Ақылды,мейірімді адам болған. Әкеміз ерте қайтсада, букіл балларды бірді бөлмей тәрбіе берді. Баллары «Үлкен апа» деп, аймакка айтатын. 2000 жылы қайтыс болды.

Роза апай Тәмірболатқызы

Зарегистрируйтесь, чтобы опубликовать страницу!
Сайтқа бетті жариялау үшін тіркеліңіз!