(1937-2019)
Мемлекет және қоғам қайраткері
Экономика ғылымдарының кандидаты
Оралбек Қожанұлы Кожанов 1937 жылы 14 мамарында Павлодар облысы Ақсу ауданының Қазалы (Грязновка) ауылында туды. Балалық дәуірі мен жастық шағы Ертістің бір тарауы Ақсу озенінің жағалауында өтті. Осы жерде ол Жамбыл орта мектебінде оқиды. 9-10 сыныпты Павлодар қаласында тәмамдады.
1960 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітіріп, ғалым-зоотехник деген мамандык алды.
1960-1965 жылдары Павлодар ауданың «Шақат» совхозының зоотехнигі, Железинка ауданың «Михайловский» совхозының бас зоотехнигі болды. 1965-1969 жылдары Железинка аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары. 1969-1975 жылдары Баянауыл аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып істеді.
Баянауыл ауданында “Павлодар облысының оңтүстігі жағдайында етті майлы бағыттағы қойларды өсірудің тиімділігі туралы” атты кандидаттық диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты деген атақ алды. Ондаған ғылыми жұмыстар мен мақалардың, бірнеше кітаптардын авторы.
1975-1978 жылдары Павлодар облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығының орынбасары, Павлодар облысы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін дайындау және сапа жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы болды.
1978-1988 жылдары – Қазақстан Компартиясы Екібастуз аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып істеді.
1989-1991 жылдары – облыстық агро-өнеркәсіп комитетінің төрағасы – Павлодар облыстық атқаруші комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
1991 жылы — Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы. Ол Кеңес Одағының Батыры М. Кайырбаевтан кейін облыстық атқару Комитетін басқарған жалғыз адам (оған дейін облыстық атқару Комитетін басқарған азаматтардың барлығы өзге өңірлердің тумалары).
1991-1997 жылдары Павлодар облысы әкімнің бірінші орынбасары. Зейнеткерлікке шыққанан соң 1998-2015 жылдары “Қ.И.Сатпаев атындағы” тарихи географиялық қоғамдастығы қорғынын директоры.
1997 жылы О.Қ. Қожанов Меккеге қажылыққа барып қайты. Орта Азиядағы ең көрікті мешіт мәртебесіне ие болған Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің макетін Біріккен Араб Әмірлегі Мекке қаласынан өз қолымен алып келіп, оны КР Тұнғыш Президентке өзі таныстырыпты. Содан кейін Алла үйінің бой көтеруіне атсалып, мешітті салу жөніндегі қамкоршылық кеңестің торағасы болған.
Зор ұйымдастырушылық жұмыстың арқасында мешіт республикамызда сәнді де сәулетті, көрікті ғимараттардың бірі ретінде осы күндері халыққа қызмет етуде.
Қамкоршылық кеңес облыстық мұрағат департаментімен бірлесе отырып “Ертістің Павлодар өніріндегі исламнын тарихынан” атты кітапты дайындап, бастырып шығарды.
Оралбек Қожанұлы облыстық ономастика комиссиясын 10 жылдан астап уақыт басқарды. Оның қолдауымен 2001 жылы “Қазақстан географилық атауларының сөздігі Павлодар облысы” атты 2 томдық кітап қайта басылып шықты. Сөздікте Павлодар облысындағы қалалардық, селолардын, поселкелердің, аудан орталықтарынның, таулардық, өзендердің, көлдердің, бұлақтардың және басқа да жер-жерлердің атаулары келтірген. Қазақстанның бірде-бір облысында мұндай толық мәлімет беретін сөздік әлі жасалған емес.
О.Қожанов оншақты кітап жазды, бірнеше өлен шығарды. 1996 жылы Оралбек Қожановтың “Өмір жолдан басталады”, “Жизнь начинается с дорог”, 1999 жылы “Академик Қ.И. Сатпаев жерлестер жадында”, 2001 жылы “Ой өрнектері”, атты 2 томдық кітаптары шықты. 1999 жылы О.Қожановтың редакторымен “Қаныш елі” фотоальбомы, 2000 жылы “Павлодар өнірінің тарихы туралы очерктер” атты 2 томдық кітап жарық көрді.
2006 жылы “Қажымұқан” атты кітабы, 2007 жылы “Жасыбай тастары” атты фотоальбомы, “Әси-аға” атты және 2008 жылы “Қасым-ата” атты кітаптары баспадан шықты. О.Қожановтың сөзіне жазылған әндер: “Малайсары — 2005 жылы, “Жасыбай” — 2005 жылы және “Қажымұқан” — 2009 жылы (Сәтиев Қ. әні)
О.Қожановтың есімі қоғандық және мемлекеттік қайраткер ретінде 1997, 2000 жылы шыққан “Қазақ жерінің зиялы азаматтары”, “Кто есть кто в Республике Казахстан”, 2006 жылы шыққан “Кто есть кто в Павлодарской области 2006. Книга 1”, “Звезды Казахстана 1998 жылы, “Павлодарское Прииртышье” энциклопедияғы және “Облыстағы құрметті азаматтары” (“Почетные граждане области”) атты кітаптарына енді.
О.Қожанов Қ.Сатпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының академиялық құрметті профессоры, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті докторы.
О.Қожанов жиырмадан астам шетелде болды (Меккеде екі рет және Медина қаласында болған)
Оралбек Қожанұлы спортпен, еркін күрес (стундент кезінде), баскетбол және волейбол сияқты түрлерімен айналасты. Бұдан басқа шахмат және бильярд ойының ойнауды да ұнататын. Туризм мен аңшылықты жақсы көретін.
Бос ұақытында өзі де ән салатын, домбра, гитара аспаптарында ойнайтын. Киноға түсіп актер-да болды. Асанали Ашимовтың “Қозы-Көрпеш- Баян-Сұлу” фильмінде ойнаған.
Оралбек Қожанов — 16 медаль, тос белгілермен, 2 ордендерімен сияқты мемлекеттік наградалармен, құрмет граматаларымен және 2001 жылы №1 “Облыс алдындағы сіңірген еңбек үшін” белгісімен марапатталған.
Павлодар обласының, Баянауыл, Железинка ауданымен Екібастұз қаласының құрметті азаматты болды.
Оралбек Қожановтың белсенді атсалысуымен Қазақстанның көрнекті академигі, біздің жерлесіміз Қ.И.Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды. Облыс әкімі Б.Сағынтаевпен бірге ескерткіштің ашылуына Қазақстанның 10 академигі қатысуымен үлкен конференция өткізілді. Оның шығармашылық зиялы қауым – ғалымдар, ақындар, әртістер арасында көптеген достары болды. Ол ақындар Мұзафар Әлімбаев, Кәкімбек Салықов, Фариза Оңғарсынова және жазушылар Медеу Сарсеке, Ә.Әбішев, К.Исабаев, кинорежиссер Асанәлі Әшімов, С.Хасангалиев, академиктер Х.Арыстанбеков, З.Дюсенбаевтармен және өзге де адамдармен белсенді түрде араласты. Содан кейін Павлодар қаласының орталық көшелерінің біріне Қ.Сәтбаев атауы беріліп, өзгертілді.
Оралбек-ағай Марьям апаймен ұзақ жылғы отбасылық өмірлеріне Жұмагелді, Райля, Зайда атты ұл-қыздарын өсіріп, немере, шөберелер сүйді. Ұл-қыздары қызметтің әр-түрлі салаларында жемісті еңбек етуде.
Оралбек Қожанов ұлағаты
Өз өмірінде Оралбек Қожанов еліміздің көптеген айтулы азаматтарымен сыйлас, дос болушы еді. Атап айтсақ, қызметтес жолмен Қазақстанның Еңбек Ері Ахметжан Есімовпен, қоғам қайраткері ретінде ғалым, ақын-композитер Кәкімбек Салықовпен, ҚСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовпен достығы да ерекше еді. Асанәлі Әшімов Баянауылда «Қозы Көрпеш-Баянсұлұ» фильмін түсірген жылдары, Орекең обылыс басшысы ретінде көп көмек көрсеткен болатын. Сол сияқты Оралбек Қожанұлы өңірдің
, белгілі азаматтары Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері Қ.Жұмабеков, Қ.Нуркин және облыстың әр кездердегі бірінші басшылары Б.В. Исаев, П.И.Ерпилов, А.Жабагин, Д.Ахметов, Қ.Нұрпейісовтермен, аудан, қала басшылары Қ.Даржуманов, Б.Нажмиденов, М.Юрьев, М.Предеха, А.Рюмкин, Е.Азаров, А.Әубәкіровтермен, мекеме басшылары Ә.Сарқыншақов, С.Беркетов, Ә.Аманжоловтармен зор түсіністікпен қызмет істесіп, аса бір сыйластықпен өмір кешті.
Оралбек Қожанұлының тамыр таныстары мен силас адамдары Ремпублика шеңберімен ғана шектелмеген. Көрші мемлекеттердегі көрінекті тұлғалармен жоғарғы шенді азаматтармен де араласып, өңір проблемаларын шешуде жиі қатынаста болған. Мысалы, менің білетінім, Белоруссия Компартиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған Е.Е.Соколов, Ресейдің Омбы обылысының губернаторы Л.Полежаевпен, олардың біреуі Железинка ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы, екіншісі Баянауыл ауданында құрылыс мекемесін және Ертіс-Карағанды каналының құрылысын басқарған кездерінен таныс Орекен, олармен обылыстың кейбір мәселеріне қатысты өтініштерін жеңіл шешіп отыратын.
Оралбек ағайды үлгі тұтып қарамағында ұзақ жылдар қызмет істеп, шәкірттері іспетті болған Е.Жәкенов, Ә.Түгелбаев, А.Адамов, Ә.Әлкебаев, Т.Мубараков, Р.Шөкеев сияқты азаматтар да бір шама. Орекең жастар тәрбиесіне қызметінде де, өмірде де көп мән беруші еді. Өз басым Ертіс беріп қамқорлық жасағанын ризашылық сезіммен әрқашан еске аламын.
Оралбек ағай адамдармен тез тіл табысып, басшы қызметкерлермен де, қарапайым еңбек адамдарымен де емен-жарқын әнгімелесіп жұрттың көнілін таба білетін. Оған көзім жеткені, Орекең Павлодар обылыстық кеңесінің депутаттығына баламалы түрде Ертіс ауданынан түсті. Сол ауданның атқару комитетінің төрағасы ретінде жұртшылық пен кездесуде Орекеңмен бірге жүруіме тура келді. Орекең егінші, механизаторлармен, малшы, сауыншылармен кездесіп үлкен басымдықпен дауыс алып, сол жылы обылыстық кеңестің атқару комитетінің төрағалығында сайланды.
Бұл қызметін Орекең өзінің жинақтаған мол тәжірибесімен білімділігінің арқасында обылыс көлемінде атқарылатын істердің ауқымды ірі жоспарларын құрып, тың идеяларын ұсынып, өңірдің әлеуметтік проблемаларын шешу жолында көптеген істер тындырды.
Атап айтсак, Ертіс, Ақтоғай аудандарында шалғай жатқан кеңшарларды Екібастұз қаласында тас жолдар арқылы байланыстырып, Баянауыл ауданың, Қарасу, Мәшһүр Жүсіп кесенесі арқылы Жаңажол ауылын Қарағандыдан келетін Керней-Қалкаман республикалық жолына косып, көптеген елді мекендердің тұрғындарына Екібастұз арқылы Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларына шығатын мүмкіндік тудыру болатын.
Бір қуанарлығы осы жоба – Екібастұз-Қарасу-Мәшһүр Жүсіп кесенесі — Жаңажол жобасы бұгінгі күнде іске асырылуда.
Оралбек Қожанұлы еліміздің, өңірдің ұлт руханиятына сүбелі үлес қосты. Әсіресі ол кісінің обылыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт құрылысын салуда ел арасында үгіт-насихат жүмысын жүргізіп, халықтан қаржы жинауда тікелей өз беделімен ел арасында танымал тұлға ретінде көп еңбек сіңірді. Зор ұйымдастырушылық жұмыстың арқасында мешіт республикамызда сәнді де сәулетті, көрікті ғимараттардың бірі ретінде осы күндері халыққа қызмет етуде.
Жастайынан талаптанып, оқу, білімге құштар болып өзін-өзі сомдаған Оралбек аға қызметтен тыс өмірінде де дара тұлға ретінде ерекшеленетін. Дүние танымы жан-жақты дамыған, сегіз кырлы, бір сырлы дейтін ағамыз аңшылық құратын, ұлқттық киімдер киіп, қыста аңға шыққанда киетін қасқыр ішік, түлкә тұмақ, саптама етіктері болатын, атқа мініп серуендеуді ұнататын.
Обылыста аға буын өкілдерінен әншілер ансамблін ұйымдастыруға жетекшілік етіп еді. Бос уақытында өзі де ән салатын, домбыра, гитара, аспаптарында ойнайтын, жиын-тойларда Ш.Қалдаяқовтың «Сыған серенадасын» билеп жүріп әндететін.
Оралбек ағай Мариям апаймен ұзақ жылғы отбасылық өмірлерінде Жұмагелді, Райля, Зайда атты ұл-қыздарын өсіріп, немере, шөберелер сүйді. Ұл-қыздары қызметтің әр-түрлі салаларында жемісті еңбек етуде.
Оралбек Қожанұлының ұлағатты, өнегелі өмірі мен ізгілікті, үлгілі істері қызметтес болған замандастарымен жерлестерінің есінде мәңгі сақталады.
Қорабай Шәкірұлы, Павлодар обылысының және
Ертіс, Баянауыл аудандарының Құрметті азаматы
Орны ерекше Оралбек аға
Оралбек ағамен 2000 жылдардың басында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің проректоры болып жүрген кезде таныстым. Бізді жақындастырған халыққа қызмет ету мен руханият саласында атқарылар іс-шаралар көптеп жасалынса деген ой-мақсат, жоспарларымыздың бір бағыттан табылуы болса керек. Ол кезде Оралбек ағамыз зейнеткер, әрі “Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-географиялық қоғамдастығы” қоғамдық қорының атқарушы директоры болатын. Мен С.Торайғыров атындағы ПМУ- да қызмет істеп жүрген кезде әйгілі академиктің өмірі мен қызметін зерттеуге, осы тақырыпта әр түрлі шаралар ұйымдастырып, баспасөз беттеріне Қаныш ағамыз жайлы жаңа мақалалар жариялай бастадым. Мұндай істерге Оралбек ағамыздың да назары ауған екен. Жасап жатқан жұмыстарымызға сәттілік тілеп, арқашан ағалық ақылын айтып, қамқорлығын көрсетіп отырды. Ағамыз мені арқашан арқамнан қағып, Қаныштың дара жолын, академиктің кіндік кескен жерінде туған, аталас туысы сен жалғастыруың керек дейтін…
Оралбек Қожанов есімі елімізге, өңірімізге іскер басшылығымен жақсы ғана емес, етене таныс. Қазахстанға танымал қоғам қайраткері. Қай істің басына келсе де ұшар биігіне шығарып, толағай табыстарға жеткізгендігі бүгінде барша жұрт еске ала тұрып айтады.
Орекеңнің зейнет жасындағы еңбегі өз алдында бір төбе. Бұл уақытта нағыз ақсақалдыққа лайық мінезбен ел-жұрттың, халықтың руханияты мен мәдениеттіне қызмет етті.
«К.Сәтбаев атындағы тарихи-географиялық қоғамдастығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры болып жүрген кезінде ұлт мақтынышы, әйгілік академик Қ. Сәтбаевтың есімін насихаттау жолында көп жылдар бойы, тіпті, өмірінің соңына дейін тынымсыз еіңбек етті. Артына өлмес мұра етіп кітаптар қалдырды.
Ағамыз көзі тірісінде өзінен кейінгі жастарды жиі шахмат ойнауға шақырып тұратын. Басты мақсат ойын емес, әрине. Шахмат ағамыздың қолы қалт еткенде ермек етіп, ерекше сүйіп ойнайтын ойндарының бірі болды. Бұдан басқа бильярд ойының ойнауды да ұнататін. Осындай кездесулер кезінде көбінесе болашақ жоспарлар мен әртүрлі мәселелерді талқылаушы едік. Орекеңнің қөптеген ағалық ақылы мен қолдауларын осындай сәттерде естідім. Бұндайда өз жоспарларымызбен де омін еркін бөлісіп, өмірлік тәжірибесін сұрап отырдық.
Алтынбек Нухұлы
Қазақстан Парламенті Сенаттін
депутаты, академик
Человек жив, пока его помнят
Блестящая биография Оралбек Кожановича – пример того, что может сделать в жизни человек благодаря трудолюбию, упорству, стремлению к знаниям, преданности к делу, постоянному желанию самосовершенствоваться. Дитя войны, мальчишка из простой семьи, он вырос в крупного руководителя, государственного и общественного деятеля. Состоялся как крупная личность.
Первые очень важные уроки жизни преподал сыну отец-фронтовик, он с детства приучал его к труду. На сенокосе помогал взрослым. А повзрослев, вместе с отцом нанимался на лето изготавливать кирпич – сырец для саманных домов. Оралбек Кожанов вспоминал, что более тяжелой физической работы он с тех пор незнал. Это была хорошая закалка, которую он с молоду подкреплял занятиями спортом. Это помогало ему всегда оставаться в хорошой физической форме.
Закончив школу, он выбрал профессию предков, поступил сразу в Семипалатинский зооветеринарный институт. В трудовой деятельности он прошел хорошую школу: работа под руководством фронтовиков, опытных руководителей – до этого в «Шакате» под началом директора совхоза Вакапа Бековича Сыздыкова, в Железинском районе рядом с первым секретарем райкома Сергей Ивановичем Старусевым, председателем райисполкома Дари Абиловичем Асановым.
Кожанов О. К. в последующем работал на областном уровне, занимал высокие должности. Тогда были не простые времена – политического и экономического кризисов. Многие руководители не выдерживали и уходили – кто на работу попроще, кто в бизнес. Он же нес свою нелегкую ношу до наступления пенсионного возраста. Заслуги Кожанова О.К. отмечены государственными наградами СССР и суверенного Казахстана.
Жизнь Оралбек Кожановича состоялась во всех ипостасях: и как руководителя, и как общественного деятеля, и как главы большого семейства – сына, мужа, отца, деда. Он оставил о себе добрую память. Человек жив, пока его помнят.
Юрий Поминов Член Союза писателей Казахстана,
Лауреат премии Союза журналистов Казахстана,
Заслуженный деятель Республики Казахстан
К памяти Кожанова Оралбека Кожановича
Идут года, уходят годы
Ерсаин Рахимов Почетный работник Госкомнефтепродукта
И тают дымкой вдалеке
Сынов лишаемся народа
Ушел наш мудрый Ореке
Родной степи он знал все травы
Кого и где, когда пасти
И не искал он дутой славы
Мог за собой народ вести
Он был ученый зоотехник
Партийный лидер и вожак
И патриотом был известным
Как говорят – «нағыз қазақ»
Он – человек большой культуры
Прекрасно знал родной язык
А также творческой натуры
И написал немало книг
Писал, как жизнь дает уроки
И почему к себе был строг
И очень мудрые есть строки
«Все начинается с дорог»
Для нас дорога – символ жизни
Народ казахи кочевой
Смогли сберечь свою Отчизну
И стать державой вековой
Что не искал дорог он легких
Куда кривая приведет
Старался быть к лишениям стойким
Упорно двигался вперед
Дела всегда решал спокойно
Вникая в суть больших проблем
Себя держал и вел достойно
Не избегая острых тем
Он за страну болел все сердцем
Ее был славный гражданин
Для молодых он был наставник
Дарил души волшебный свет
Считал он в жизни самым главным
Оставить в них достойный след
Дружил всегда везде со спортом
Играл прекрасно волейбол
Он выделялся своим ростом
Умом и строгостью седин
Ученый, практик и философ
Прославил он басентеин.
СССР, Заслужанный работник Министерства труда и соцзащиты